Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек қауіпсіздігі – басты мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек қауіпсіздігі – басты мәселе

«Достар» мәдениет сарайында облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбековтың төрағалығымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған семинар-кеңес өтті.

 

Жиынға облыстың бірқатар ірі кәсіпорындары мен мекемелерінің басшылары, прокуратура және кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты. Семинарды ашып жүргізген облыс әкімінің орынбасары жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің аталып өтетінін, бұл халықаралық ұйымға әлемнің жүзден астам мемлекеттері мүше болып отырғанын атап өтті. Қазақстан аталмыш халықаралық ұйымға  2005 жылдан бері мүше болып келеді.
Ақмола облысы бойынша еңбек инс-пекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дүйсенбек Баймұсынов облыстағы еңбекті қорғау саласындағы жағдайды баяндады. Облысымызда орта есеппен жыл сайын сексеннен астам адам өндірістік жарақат алады екен. Мұндай бақытсыз жайлар жұмыс берушілердің жұмысшылармен еңбек қауіпсіздігі жөнінде әңгімелер өткізбеуінен, еңбек қауіпсіздігін және еңбек заңдылықтарын сақтамаудан орын алуда. Ең көп өндірістік жарақат алатындар тау-кен өндірісі, коммуналдық қызмет және теміржол салалары. Өткен жылы тау-кен өндірісі саласында 18 адам өндірістік жарақат алған.
Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Кеңес Бекішевтің айтуынша, бүгінде әлем елдерінде жыл сайын 278 миллион адам өндірістік жарақат алса, 262 миллион адам кәсіби ауруларға ұшырайды екен. Халықаралық деңгейде еңбекті қорғау күнінің енгізілуіне де осындай жай себеп болғаны анық. Жүйкеге жүк түсу  қазір ең қатерлі дерттердің санатында. Мұндай дерттің негізгі көзі еңбек жағдайына байланыс-ты туындайтыны жасырын емес. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарым-қатынастың бұзылуынан жүйкесі жұқарып жүретіндер аз емес. Осы орайда, жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арақатынасын реттейтін заңнамаларымызды жетілдіру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр.
Семинарда «Тыныс» АҚ басшысының орынбасары Мұрат Бекенов, «Көкшетау су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшысының орынбасары Ермек Өмірғалиев өз кәсіпорындарында еңбек заңдылықтарының сақталуы жа-йын баяндады. Ақмола облысы бойынша жұмыс берушілер одағының төрағасы Марат Жұмабеков еңбек қауіпсіздігі мен заңдарын сақтау жөніндегі жұмыс берушілерге арналған шақыруын оқып берді.
Семинардың соңында облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков сенім сертификатын алған бірқатар кәсіпорындарға сертификат тапсырды. Еңбек қауіпсіздігі заңдарын сақтауда ерекше көзге түскен «Аждар және К» мен «Семізбай-U» серіктестіктері басшыларына облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар