Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көрме техника қуаттылығын көрсетті - АРҚА АЖАРЫ

Көрме техника қуаттылығын көрсетті

Агроөнеркәсіптік кеңес басталмас бұрын алдымен «Көкшетау» мәдениет сарайының алаңында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі өтті.

  Қаз-қатар қойылған шетелдің қазіргі заманғы озық техникалары облыста ауыл шаруашылығы саласының қаншалықты дамығанын аңғартқандай болды. Дәнді сіңіру, өңдеу және оруға арналған бұл техникалардың көбі осы күні елімізде құрастырылады. Бүгінгі таңда облысымыздағы шаруашылықтардың кез-келгенінің егістік алқаптарында осындай техникаларды көруге болады. Көрмені аралап көрген облыс әкімі Сергей
Кулагин осында ұсынылған  өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникаларының түрлерімен жақын танысты. Көрмеге облыс орталығындағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастырып, жеткізіп беруші кәсіпорындар қатысты. Олардың арасында «СТ АГРО» , «ЕУРАЗИЯ ГМБХ», «Белагро», «КАНДИ Көкшетау», «Дон Мар», «AVACRO», «УкраАгроТехЭкспорт», «КАИК», «Вектор» комбайн зауыты»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері  және «КамАЗ Инжиниринг» акционерлік қоғамы тәрізді жиырмаға жуық кәсіпорын бар.
Әсіресе,  өнімділігі жоғары қазіргі заманғы «Джон дир»,  «Кейс», «Вектор», «Есіл» комбайндары, егістік кешендері, тракторлар мен «КамАЗ» жүк көлігі және «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» серіктестігінің ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалары облыстың әр өңірінен келген шаруашылық басшыларының  қызығушылығын арттырды.
Осы орайда, облыс басшысы өз техникаларын ұсынған компания өкілдерінен аталған техникалардың артықшылығы мен бағасын сұрастырып білді.
– Көріп отырған техникалар бірінен-бірі асады. Әрбірінің өз ерекшеліктері бар. Бұлардың барлығы ауыл шаруашылығы үшін өте қажет. Сондықтан, осындай техникаларды өзімізде құрастырылып, сервистік қызмет көрсетілгені маңызды, – деді облыс әкімі.   
Ал, мәдениет сарайының фойесінде қойылған құрал-жабдықтар да көздің
жауын алады. Бұл жерде гербицидтер,
пестицидтер, тыңайтқыштар және егістіктерді суару құралдары мен жабдықтары тәрізді ауыл шаруашылығына қажетті жергілікті кәсіпорындардың өнімдерінің бірнеше түрі қойылды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің басшысы Максим Готсановтың айтуына қарағанда көрме ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін техника жетістіктерімен, өсімдікті қорғау құралдарымен жете таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
– Осы жерде шаруашылық басшылары мен  ауыл шаруашылығы техникаларын құрастырып, жеткізіп беруші кәсіпорындардың өкілдері арасында тиімді келісім-шарттар жасайды деген сенімдеміз, – дейді Максим Готсанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар