Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түсіністік жетіспейді - АРҚА АЖАРЫ

Түсіністік жетіспейді

 

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың қатысуымен  өткізілген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының  бірлескен отырысында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы түсініспеушіліктен туындайтын даулы мәселелерді шешудің оңтайлы  жолдары қарастырылды.

 

Облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров, сондай-ақ, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер және жергілікті бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты. Отырыста алдымен осыған дейін талай рет айтылғандай бюджет бөлу мәселесі сөз болды. Онда облыстағы бюджет комиссия-сы құрамына кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірмейтіні айтылды. Кәсіпкерлер палатасының өкілдері болмағандықтан, бюджет бөлу кезінде олардың құқықтары бұзылып, мүмкіндіктері шектелетін сыңайлы. Осының салдарынан әсіресе, құрылыс жұмыстарымен айналысатын мердігерлер зардап шегіп, қиындықтар туып отыр.
– Бюджетті бөлу кезінде кеткен қателіктен қолға алынған жобалар толық аяқталмай, кейін іске прокуратура араласып, сотқа дейін жеткен кездері де болды. Мәселен, Көкшетау қаласында «ТОК ЛТД» серіктестігі 130 миллион теңгеге атқарылған жұмыстарына бөлінетін тиісті қаржыға әлі қол жеткізе алмай жүрген жайы бар. Сондай-ақ, бағалы аң терісін өндірумен айналысуға ниетті «Қазынаинвест» серіктестігі Зеренді ауданы әкімдігінің сылбыр жұмысының салдарынан дайын тұрған кешенді  төрт жыл бойы іске қоса алмай әлек, – дейді ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау
жөніндегі кеңестің мүшесі Серік Төрегелдин.
Сонымен қатар, «Қазақалтын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шахталарынан алтын кенін ұрлайтындармен күресу жолдары да сөз болды. Тізе берсе, ондай проблемалар облыста толып жатыр. Облыстық кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Қазыбек Ескендіровтің айтуына қарағанда былтырғы жылы облыс бойынша барлығы 640 арыз-шағым түскен. Оның әрбір екіншісі бойынша нақты шаралар қолға алынып, шешімін тапқан.
Отырыс барысында бұдан басқа да бірқатар заң бұзушылықтар айтылды. Олардың бірі сотта қаралып жатса, бірі жергілікті кәсіпкерлер
палатасының бақылауына алынған.
– Кеңес отырысында қозғалған барлық сауалдар осыған дейін талай рет айтылған және тиісті мемлекеттік құрылымдардың бақылауында тұр. Ел экономикасының дамуына шағын және орта бизнес субъектілерінің қосатын үлесі зор. Олардың арқасында көптеген әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда. Бүгінгі күні олардың құқы мен мүддесін ұлттық кәсіпкерлер палатасы сияқты институт қорғауда. Алдағы уақытта мемлекет пен бизнес бір-біріне түсіністікпен қарап, барлық мәселені келісіп шешетін болады, – деді Болат Палымбетов.

 

Аслан ОСПАНОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар