Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ән тербеген әсерлі күндер - АРҚА АЖАРЫ

Ән тербеген әсерлі күндер

Өткен демалыс күндері  «Көкшетау – тал бесігім» атты классикалық және халықтық музыка фестивалі аясында  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметованың жеке концерті және Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің  гала-концерті болып өтті.

 

Бұлбұл үнді Салтанат Ахметованы әлем таниды. Көкшетаудан түлеп ұшып, Астана қаласындағы «Астана Опера» театрында жеке орындаушы болып жүрген әншінің фестиваль аясында жеке концерті өткізілді.  
Концертке облыстық филармонияның симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен, фестивальдің көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Абзал Мұхитдинов пен республикалық байқаулардың лауреаты, «Астана Опера» театрының  дирижері Руслан Баймурзин дирижерлік етті. Әншінің шашпауын көтеріп, фестивальге қатысу үшін Германияның Мюнхенгладбах қаласының опера және балет театрының жеке орындаушысы, Қайыржан Жолдыбаев та келген болатын. Ол әлем классикасының жоғары үлгілерін асқан шеберлікпен орындап, жұртшылықтың қошеметіне ие болса, «Астана Опера» театрының жеке орындаушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Дина Хамзина да сахна сәнін келтірді. Ал, Көкшетаудан ән сап кетіп ем, аңсап жеттім деп сағынышын бөліскен Талғат Галеев те көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Талғат пен Салтанат та Көкшетаудағы Біржан сал атындағы музыка колледжінің түлектері. Екеуі де халықаралық байқаулардың жүлдегерлері. Талғат Астанадағы мемлекеттік опера және балет театрының, «Астана Опера» театрының жеке орындаушысы. Концерт соңында өрісті өнер иелеріне облыс әкімі Сергей Кулагиннің ықылас гүлі табыс етіліп, «Көкшетау – тал бесігім» ІІІ музыкалық фестивалінің дипломдарымен
марапатталды.
Ал, фестивальдің үшінші күніндегі гала-концертте облыстық филармонияның Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі және оның көркемдік жетекшісі, бас дирижері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаров пен Руслан Қойшыбаев дирижерлік етіп, «Астана Опера» театры мен облыстық филармонияның әртістері әдемі өнерлерін көрсетті. 

 

Мерген ТОҚСАНБАЙ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар