Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еуропа банкімен жаңа жобаға қол қойылды - АРҚА АЖАРЫ

Еуропа банкімен жаңа жобаға қол қойылды

Еуропа даму және қайта құру банкі Көкшетау қаласындағы су тазалау құрылғыларына инвестиция салуды жоспарлауда.

Астана қаласындағы «SAAD» бизнес орталығында Ақмола облыстық әкімдігі мен Еуропа даму және қайта құру банкі Көкшетау қаласындағы су тазалау құрылғыларының құрылысы жоспарын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Көкшетау қаласын сумен жабдықтау құрылғыларын жаңғырту туралы жобаны қаржыландыру жөніндегі алдын ала жасалған келісіміне Ақмола облысының әкімі С.Кулагин мен Қазақстандағы  Еуропа даму және қайта құру банкінің директоры Джанет Хэкман қол қойды.
Ақмола облысының әкімі С.Кулагин өзінің алғысөзінде тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс сапасын жақсарту аймақтағы бәсекеге қабілетті басым бағыттардың бірі екендігін айтып өтті.
Су тазалау құрылғыларының құрылыс жобасы  Көкшетау қаласы тұрғындарын ауыз сумен және шаруашылық тұрмыстық мақсаттағы қажеттілігін өтеуге, тәулігіне 30 мың текше метр сумен қамтамасыз етуге лайықталып есептелген.  Бұған дейін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, оң шешімін тапқан. Жобаның жалпы құны 2 миллиард 407 миллион 725 мың теңге.  Құрылысты аяқтау үшін әлі де 1 миллиард 688 миллион 339 мың теңге қажет.
Кездесу барысында өңір басшысы Джанет Хэкманнің атына жылы лебіз білдіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша айтып берді.
–Бүгінгі біз қол қойып отырған бұл жобаның басты мақсаты тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешіп, қаржыландыру менің ойымша 160 мыңнан астам тұрғыны бар Көкшетау қаласы үшін бұл жобаның маңызы өте зор.  Әрі сіз бен біздің бірлескен жобаларымыздың соңы болмас деп ойлаймын. Алдағы уақытта да аймақтағы тұрғындардың тұрмысын жақсарту мақсатында ортақ тіл табысып, жұмыс істей беретіндігімізге сенімдімін, – деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, облыс әкімі басқа да бірнеше жобаларды ұсынды: облыс орталығындағы РК-2 орталық қазандығын жаңғырту, Бұланды ауданы Макинск қаласындағы орталық қазандық пен жылу жүйелерінің құрылысы және Көкшетау қаласындағы тәуліктік қуаты 50 мың текше метр болатын канализация құрылысын салу.
Джанет Хэкман өз кезегінде өңір басшысымен жолыққанына ризашылығын білдірді.
–Сіз біздің банктің жаңа ғимаратына келген алғашқы облыс әкімісіз. Біз Көкшетау  қаласын жақсы білеміз. Жобаны қаржыландыру мәселесіне тоқталатын болсақ, бұл сіздің облысымыздағы біз қаржыландырып жатқан екінші жоба. Ерейментауда республикада алғаш рет жел электр станциясын салдық. Менің ойымша «ЭКСПО-2017» тәрізді әлемдік деңгейдегі шара кезінде бұл жобаның маңызы айрықша, – деді мәртебелі Д.Хэкман.
Сондай-ақ, ол шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселесіне де тоқталды. Көкшетау қаласын сумен қамтамасыз ету жобасы оларды да қызықтыратыны айтылды. Өзге де жобаларды сараптайтындығын жеткізді. Олар үшін ет, сүт өнімдерін өңдеу және өсімдік шаруашылығы да қызғылықты екен.  Үстіміздегі жылдың  маусым айында Көкшетау қаласына келетіндігін де айтып өтті. Облыс әкімі өз кезегінде мәртебелі меймандарды Көкшетау қаласында құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.
Сөз соңында облыс әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының көлемі, өндіріліп жатқан астық және Астана қаласын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Бүгінгі күні Астананы ұнмен 100 пайыз, картоп және жұмыртқа, сондай-ақ, ет, сүт өнімдерімен 60-65 пайыз қамтамасыз етіп отырмыз деді облыс әкімі. Өңірде қазір ірі 5 құс фабрикасы жұмыс істейді. Сондықтан, ет өңдеу кәсіпорнын салу мәселесі де туындап отыр.   

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар