Мына бір суретті фототілшіміз Берік Ескенов Ақкөл ауданына барған іссапарымызда тосыннан түсіріп алған болатын.
Өкінішке орай, сол жолы уақытымыз шектеулі болғандықтан, емен-жарқын әңгімелесіп отырған қарттардың есімдерін сұрап, қойын кітапшамызға жазып алудын сәті түспепті.
Алайда, ақкөлдіктердің бір-біріне деген достық қарым-қатынасын, ыстық пейілдерін осы екі қарт ананың бір-бірімен жүздерінен нұр тамып, риясыз сырласып отырған кейіптері шың аңғартып тұрғандай. Шіркін, бірлік, сыйластық деген осы ғой. Суреттен бүгінгі бейбіт, тыныш өміріміздің иісі аңқып тұр. Лайым солай болсыншы!