Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақкөл туризм саласын дамытуға сұранып тұр - АРҚА АЖАРЫ

Ақкөл туризм саласын дамытуға сұранып тұр

Ақкөл қаласында өткен халықаралық «WAKE UP 2016» инвестициялық форумы осы өңірде туризм саласын жан-жақты қолға алуға болатынын айқын көрсетіп берді.

Туризм саласын дамытуға бағытталған шараны Ақмола облыстық және Ақкөл аудандық әкімдіктері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Ақкөл қаласының туризмді дамыту орталығы ұйымдастырды.
Форумға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Жасыл экономика» департаментінің директоры Бекберген Керей, облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов,  аудан әкімінің орынбасары Гүлнәр Әбілқайырова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ақмола облысы бойынша өкілі Дархан Мұсатаев және «Schaefer Int Group»   инвестициялық корпорацияның  өкілдері Руслан және Зарина Шефер қатысты. Сонымен бірге, шарада  Қазақстан және шет-елдерден инвесторлар, туризм мамандары, бизнес-қауымдастықтардың, білім беру мекемелері мен кәсіпорындардың  өкілдері бас қосты.
Екі күнге созылған форум аясында қатысушылар  өзге елдердің экотуризм саласының озық тәжірибелерін талдап, болашақта басымдықпен дамытатын  мәселелерді анықтауға және саланы дамытудың тың тетіктерін қарастыруға назар аударды.  Форумда «BESSEN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушысы Жанар Сәмбетова Қанжығалы көлінің емдік қасиеті мен ауданның туристік әлеуеті жайында баяндама жасады. Оның айтуынша, экотуризм Елорда маңындағы аумақтардың басты экономикалық саласына айналуы үшін барлық жағдай қарастырылған.
Бұл ретте, аталмыш инвестициялық форум  жаңа инвесторларды тартуға түрткі болмақ. Ал, туризм саласы дамыса, жергілікті экономика өсiп-өркендеп, әлеуметтiк ахуалдың жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз.
 Айта кетерлік жайт, шараның ашық диалог алаңына айналуы  өзара пікір алмасып, түйткілді мәселелер бойынша тұшымды жауаптар алуға үлкен мүмкіндік туғызды. Шара соңында оған қатысушылар Ақкөлдің табиғаты көркем жерлерін аралап, тамашалады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар