Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Діни жарқын мереке - АРҚА АЖАРЫ

Діни жарқын мереке

Облыс әкімі Сергей Кулагин Пасха түні Көкшетау қаласындағы «Архистратиг Михаил» приходы православ шіркеуінде болып, жиналған қауымды діни мерекемен құттықтады.

Мемлекетімізде дінаралық татулық пен ұлтаралық келісім нық орнаған. Тілі басқа болса да, тілегі бір, түрі басқа болса да, жүрегі бір ұлттар бейбіт аспан астында өмір сүріп келеді. Пасха мерекесі де бірлік пен татулықты көздейді. Бұл түні шіркеуге жиналған жұртшылық алдында сөз алған Сергей Кулагин осы қасиетті мереке арқылы православ дінін ұстанушылар бірлік пен достықты қалайтынын, әр адамның жүрегінде жаратқанға деген ізгі сенім бар екендігін айта келе, отбасыларына бақ-береке, жалпақ елге жарқын болашақ тіледі.
– Бірлік бар жерде тірлік бар. Өкінішке орай, қазіргі таңда әлемнің кейбір елдерін тұрақсыздық жайлауда. Бәрінен бұрын бейкүнә жандардың зардап шегетіні жанға батады. Құдайға шүкір, біз өзіміздің берекелі тірлігімізбен, берік достығымызбен мақтана аламыз. Елімізде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың барлығының да мақсаты – бейбітшілікті сақтап, Отанын көркейту үшін адал еңбек ету. Олардың наным-сеніміне баршамыз бірдей оң көзқараспен, өзара сыйластықпен қараймыз. Сол себепті де, жыл сайын Пасханы бүкіл ел болып атап өтеміз, – дей келе, шіркеуге жиналғандарға өңіріміздің экономикалық дамуы мен бірлігіміздің нығаюына қосып келе жатқан үлестері үшін шынайы алғысын жеткізді.
Көкшетауда жаңа шіркеудің құрылысына қаражат жиналып жатқанын, жақында оның іргесі қалана бастайтынын естігенде көпшілік қауым ерекше қуанышқа бөленді. Өз кезегінде  Көкшетау және Ақмола эпархиясының эпископы Серапион әкей де меймандарды  Христостың қайта тірілуінің нұрлы мейрамы Пасха мерекесімен құттықтап, еліміздің өркендей беруіне ниеттестік білдірді. Жамағат діни жоралғылар жасап, бір-біріне ізгі тілектерін арнап жатты.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар