Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елінің бір ардағы еді - АРҚА АЖАРЫ

Елінің бір ардағы еді

Тұрлауы жоқ дүние, адам қонақ өмірге. Қазақ журналистикасының абыз ақсақалдарының бірі Баян аға Нұрпейісов те өтті мына жалғаннан.КСРО Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Баян Таласұлы  1929 жылдың қаңтар айының 3-і күні Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Преснов ауданының Айтуар ауылында дүниеге келген. Көкшетау қаласындағы қазақ педагогикалық учили-щесін бітіргеннен кейін, Алматыдағы С.Киров атын-дағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналис-тика факультетін аяқтаған. Еңбек жолын 1952 жылы Орал облысындағы «Екпінді құрылыс» газетінде бастаған.
Бүкіл саналы ғұмырын қазақ баспасөзіне арнаған қаламы қарымды журналист 1970-1977 жылдары облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, бас редакторының орынбасары болып қызмет істеді. 1977-1990 жылдар аралығында республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Көкшетау облысы бойынша меншікті тілшісі болды. Сөйтіп, аға басылымда айшықты ізін қал-дырды. Зейнет демалысына шыққаннан кейін Баян Таласұлы Көкшетау өңірінде тұңғыш рет шыға бастаған «Оқжетпес» тәуелсіз газетінде жауапты хатшы болып жұмыс істеді. Осы жылдарда да ұлттың рухани байлығына зор үлес қосып, тарих ақтаңдақтарын қопара жазды. Әсіресе, Абылай ханға байланыс-ты, Алаштың ардақты батырлары мен айтулы билері туралы тың деректерді, көне мұраны уақыттың көмбесінен аршып алып, жалпақ жұрттың назарына жарқырата ұсынуы ғажап еді.
Саналы ғұмырында артына сөз ертпеген, бір адамның көңілін қалдырмаған періште пейіл бір жан болса, ол – Баян аға болатын! Үлкенмен де, кішімен де жатсынбай, жатырқамай сырласатын. Жас баладай сенгіш еді, жас қырандай көргіш еді. Жазғаны елдің мұңы, арманы жұртының жайқалған гүлі болатын.
Алпыс жылдан астам қолынан қаламы түспеген ұлттық журналистиканың жампозы, көркемсөздің көсемі Баян Таласұлы өз мамандығына, халқына адал еді. Жуырда ғана басылым басшылары қара шаңырағына амандығын біліп, кіріп шықанында, сол баяғы ақ көңіл, бауырмал қалпымен бір жасап, қуанып қалып еді. Амал нешік, енді міне, дүниеден өткенін естіп, сол жолы соңғы рет жүздесіп қалғанымызға тәубе етіп отырған жайымыз бар. Бақұл болыңыз, Баян аға! Біз Сізді ұмытпайтынымыз әмбеге аян.
Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар