Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жапырақ жай, жас шыбық! - АРҚА АЖАРЫ

Жапырақ жай, жас шыбық!

Өткен сенбі күні Көкшетау қаласының аумағын көркейту жөнінен кезекті сенбілік өткізілді. Сенбілікке қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин көпшілікпен бірге ағаш көшеттерін отырғызды.

Жыл сайын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында жалпықалалық сенбілік өткізу дәстүрге айналған.  Биыл да игі дәстүр жалғасын тапты.  Қала әкімдігінің құлақтандыруына сәйкес, сенбілік барысында қала аумағы жүзден астам бөлікке бөлініп, оған мемлекеттік мекемелер, коммуналдық кәсіпорындар, бюджеттік ұйымдар, жоғары және орта білім ордаларының студенттері мен қала тұрғындары бекітілді. Олар қоқыс жинауға арналған пакет пен жұмыс қолғабы, әктеу және өзге де материалдармен қамтамасыз етілді.
Бұл күні барлығы 2000-ға жуық көшет отырғызылды. Сенбілікке қатысқан облыс әкімі Сергей Кулагин мен қала басшысы Ермек Маржықпаев бастаған әкімдік қызметкерлері қолдарына жұмыс қолғабын киіп, Абылай хан даңғылындағы алаңқай мен Горький көшесінің бойындағы Қопа көлін жиектейтін тұсқа ағаш көшеттерін отырғызды. Осы орайда, облыс әкімі әрбір ағашты ұқыптылықпен егу, әрі оның біздің жақтың климатына бейімдері терек, қарағай және алма ағаштары болуы қажеттігін атап айтты. Сондай-ақ, Қылшақты өзенінің бо-йында су қайығы стансасын  ашу мәселесі де сөз болды.
 – Ол үшін өзеннің Қопа көліне құйылар тұсында судың деңгейін 1-1,5 метрге дейін көтеру қажет. Бұл  жұмысты бастамас бұрын алдымен сол маңдағы тұрғын үйлерді су алмауын зерттеп алуымыз қажет, – деді облыс әкімі.
Сенбілікке қатысқандардың арасында Ақмола облысы бойынша жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының үш бөлімшесі және жылжымайтын мүлік орталығының ұжымдары Қопа көлінің жағасына 500 түп қарағаш отырғызып, игі шараға өз үлестерін қосты. Жалпы, бұл жолғы сенбілік барысында ағаш пен бұта отырғызу, гүлбақша мен гүлзарларды тазалаумен қатар, Қылшақты өзенінің жағасын күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, көшеттердің түбін әктеу сияқты жұмыстар қолға алынды.
Осы күні облыс әкімі Оқжетпес футбол клубының стадионында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысына да назар аударды. Қазіргі кезде аталған стадионда жанкүйерлер отыратын орындықтары ауыстырылып, футбол алаңы көгалдандырылу үстінде.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар