Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандықтар ғана иелік етуге құқылы - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандықтар ғана иелік етуге құқылы

Ақмола облысы еліміздегі аграрлық өңірлердің бірінен саналады. Сондықтан, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беру мәселесі ақмолалықтарды да толғандыруда.

Менің ойымша Жер кодексі нормаларына енгізілген түзетулер мен толықтырулар еліміздегі диқандарға қазіргі заманғы технологияны қолданып, жаңа мүмкіндіктерді игеруге жол ашатыны сөзсіз.
 Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей жекеменшіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер дұрыс күтіп, бапталады. Мамандардың пікірінше, бүгінгі таңда халықаралық жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жерді ұтымды пайдаланатын кез жетті. Ол үшін жерді бір күндік мүддесін құптайтын емес,  сауатты, қара жердің қадірін білетін иесіне берген абзал.
Бүгінгі күні бұл мемлекеттің диқандарға заң аясында шешуге жағдай жасап отырған қолдауы болып табылады. Жердің нағыз қожайыны болған олар ертеңгі күнге сеніммен қарап, меншігіндегі жерлерді күтіп, баптауға әрі өнімділікті арттыруға тырысады. Сонымен қатар, ұзақ уақытты қамтитын бизнесін жоспарлап, қазіргі заманғы озық технологияны пайдалануға, өндірістік, инженерлік-техникалық нысандар салуға және инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік алар еді.
Бүгінгі таңда республика бойынша агроөнеркәсіп кешені саласында жүргізіліп жатқан реформаға фермерлердің мүддесін қорғайтын мықты заңнамалық негіз қажет. Жаңа Жер кодексін талқылауға ғалымдар, сарапшылар, мамандар, сондай-ақ, түрлі құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты. Осы күні Жер кодексіне енгізілген түзетулер мен толықтыруларды халыққа, оның ішінде бірінші кезекте ауылдағы диқандарға түсіндіріп жеткізетін кез келді. Сонда олар осы біліммен қаруланып, нақты іспен айналысатыны анық.
Жерді шетелдіктерге сату көзделген емес және сатылмайды да, ол туралы Қазақстанның заңнамасында нақты көрсетілген. Өз жеріне иелік етуге тек қазақстандықтар ғана құқылы. Сондықтан, мұны дұрыс түсінулері қажет деп есептеймін. Елбасы жариялаған мораторий де осыны меңзейді.

Ғосман ТӨЛЕҒҰЛ,
Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар