Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Шығыстың ұлы ойшылы Ахмет Яссауидің туғанына 850 жыл толуына орай, «Дінтану» пәні бойынша жалпы білім беретін мектептер арасында ұйымдастырылған олимпиадаға қатысқан ұлым Жандос жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
Түркістан қаласында өткен бұл І республикалық олимпиадаға еліміздің барлық облыстарынан 56 бала қатысты. Солардың ішінде Көкшетау қаласындағы №17 орта мектептің оқушысы Жандос Тасымов та бар еді.
Ол сайыс қорытындысында осы пән бо-йынша өзінің жоғары білімі мен дайындығын көрсетіп, жүлдегер атанды. Осы орайда, балама «Дінтану» пәнінен дәріс берген мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сәуле Әбдірахмановаға айтар алғысымыз шексіз. Ұлым ұстазының берген тиянақты білімінің арқасында Түркістан университетіне берілетін оқу грантын жеңіп алды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш болып отыр.
Бақыт ЕМКЕНОВА.
Көкшетау қаласы.