Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 24 жылдығына орай, оқу орындары арасында аз калибрлі қарудан нысана көздеуден ашық турнир өтті.
Дәстүрлі айлық аясында өткен бұл турнирде 48 команда немесе 192 жасөспірім төрт топ бойынша сынға түсті. Жарыс «Отан» қоғамдық бірлестігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Көкшетау қалалық білім, спорт бөлімдерінің күшімен ұйымдастырылды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша сайыста үздік нәтиже көрсеткен Көкшетау қаласындағы №16, 8 орта мектептері мен көпсалалы колледж оқушылары, №16 орта мектептің «Снайпер» әскери-патриоттық клубы, сондай-ақ, «Отан» қоғамдық бірлестігінің шәкірттері жеңімпаз атанды. Жарыс барысында Владислав Чернявский, Жеңіс Медаль, Әмір Мұхаметжанов, Артем Орлов, Айнұр Байболова, Евгения Малюта, Балнұр Қабдыл, Әмина Хамзина сияқты жасөспірімдер мергендіктерімен танылып, жоғары нәтижелер көрсетті. Сөйтіп, осы жарысқа қатысушылардың бірқатары спорттық разрядтарға ие болды.
Николай ИВАНОВ,
«Отан» қоғамдық бірлестігінің
ардагері, отставкадағы полковник.