Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Игілігін көріп отырмыз - АРҚА АЖАРЫ

Игілігін көріп отырмыз

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беру мәселесі осы салада жұмыс істеп жүрген біздерді де толғандырады. Жер реформасын ойдағыдай жүргізу еліміздегі диқандарға қазіргі заманғы озық технологияны қолданып, жаңа мүмкіндіктерді игеруге жол ашатыны сөзсіз. 

Тек, мұны байыппен халыққа жан-жақты түсіндіріп барып жүргізген маңызды. Елбасының Жер кодексінің бірқатар нормаларына мораторий жариялауы да осыны меңзейді.
 Мәселен, өзім басқарып отырған «Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1997 жылы қайта құрылды. Бүгінгі күні шаруашылық еліміздегі ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бірінен саналады. Серіктестік астық өндіруге мамандандырылған элиталық тұқым шаруашылығы. Бізде элиталық бидай,  жарма дақылдары және көп жылдық шөп түрлері өсіріледі. Осыдан бірер жыл бұрын серіктестік элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие болды.  
Біздің серіктестік егіншілікпен қатар мал шаруашылығымен де  айналысады. 40 мың гектардан астам жеріміз бар. Оның 32 мың гектарына бидай, сұлы, арпа егеміз. Оған қоса, майлы дақылдар да өсірудеміз. Серіктестікте қазір моррис, хорш, эмити маркалы егістік кешендері бар. Дәрі себетін, өздігінен жүретін  жаңа техникаларды да сатып алдық. Мұндағы айтайын дегенім қуатты техникалардың мүмкіндігі зор екендігі. Егістік алқаптарымыз далалы аймақта орналасқанына қарамастан, агротехникалық шаралар, қазіргі заманғы озық технологиялар мен техникалардың көмегімен жыл сайын астығымыз бітік шығып,  мол өнім алудамыз.
Серіктестік жоғары өнімді тұқым да-йындаумен айналысатындықтан, біз әр жыл сайын 7 мың гектарға жуық алқапты парға қалдырып отырамыз. Тұқым сапасын жетілдіру үшін әр жыл сайын жүзден астам тұқым түрін сіңіреміз. Бұл ортақ іске ғалымдар да өз үлестерін қосып, тәжірибелерімен бөлісуде. Қазіргі күні біздегі жер және ауа райына байланысты жоғары өнім беретін тұқым «Шортанды-95» жетілдірілген жұмсақ бидайы, «Доминское-90» қатты бидай болып есептеледі. Арпаның «Астана-2000», сұлының «Битик» деп аталатын түрлері бар. Шаруашылықтың жұмысы дұрыс болса, ауылдың да жағдайы оңалатыны анық. Осы бағытта біз өткен жылы ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатына 115 миллион теңге қаржы жұмсадық. Мұндай толайым табыстар мен игі істер бізге аспаннан түскен жоқ, жер тырмалап жүріп қол жеткіздік.
Сондықтан, жер мәселесі халқымыз үшін барынша маңызды екендігі сөзсіз. Өйткені, бұл біздің туып-өскен ата қонысымыз. Бірақ, сонымен бірге сол жерді біз ең алдымен халықтың игілігіне пайдалануымыз керек. Еліміз аграрлы мемлекет болғандықтан, келешекте ауыл шаруашылығы экономиканың діңгегіне айналатыны сөзсіз. Ауыл шаруашылығы саласы ұқсата білген адамға мәңгілік. Қадірін білген адамға жер – табыстың қайнар көзі. Мәселен, біздің серіктестікте дайындалатын тұқым сапасы жақсы болғандықтан, әр жыл сайын сатып алушылар да көбейіп келеді. 2015 жылы 10 мың тонна тұқым саттық.
 Сондықтан, мемлекетіміздің мықты экономикасын құру үшін жерді игере аламын дейтін Қазақстан азаматтарына меншікке беру маңызды. Жерді жұмыс істеймін дейтін азаматтар да оны өз меншігіне алуы тиіс.
 Әлихан  ӘРІПОВ,
«Заречный» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры.

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар