Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында жиналғандар «Мәңгілік ел» патриоттық актісі тақырыбына жалпықазақстандық ашық диктант жазды.
Шараға этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, мәдениет саласының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Бұл күні облыстық кітапхананың оқырмандар залында шамамен 130-дан астам адам диктант жазса, мұндай шара бір мезетте облыстың барлық қалалары мен аудандарындағы кітапханаларда да өтті. Оның басты мақсаты азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығын арттырып, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту болып табылады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.