Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Арақ ішіп, жаза басты - АРҚА АЖАРЫ

Арақ ішіп, жаза басты

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өткен жылы мас күйінде қылмыс жасаған азаматқа қатысты іс қараған болатын.

Облыс орталығына іргелес жатқан Станционный кентінің Д.Васильев есімді тұрғыны көршісі А.Поповпен бірге арақ ішіп, соның нәтижесінде араларында ұрыс туындаған. Екі ер-азаматтың бір-біріне деген ызасы өрши түскені сонша, Д.Васильев қарсыласын өлтіру мақсатында қолына түскен темір ыдыстармен оның басынан тоқтамастан ұра берген. Ауыр соққы алған екіншісі жерге сылқ етіп құлай кетеді. Оның жерде ессіз күйде жатқанын пайдаланып, Д.Васильев мойнын аяқтарымен қатты-қатты езгілей бастайды.
Сот үкімі бойынша қылмыскер  жасаған осы әрекеті үшін  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 бабының 1 бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, он жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса, сотталушыға маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделу тағайындалды. Қазіргі таңда ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр.
Жанар ӘБДИНА,
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар