Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Одан әрі жалғасты - АРҚА АЖАРЫ

Одан әрі жалғасты

Өткен сенбі күні ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Жер реформасы бойынша республикалық комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен комиссияның екінші отырысы өткізілді.

Комиссия төрағасының айтуынша, бүгінгі күні реформалар бойынша аймақтарда да қарқынды жұмыстар атқарылған. Барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында отырыстар өтті. «Кеше облыстармен селекторлық кеңес өткізіп, комиссия мен жергілікті жерлердегі қоғамдық кеңестердің қатынасына қатысты мағлұматтар бердік. Қоғамдық кеңестерге де келіп түскен ұсыныс, пікірлер жинақталады, комиссия штабына ұсынылатын болады», – деді Б.Сағынтаев.
Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның келесі отырысында шетелдіктерге жерді жалға беру, бермеу мәселесі талқыланады. Астанадағы Ұлттық музейде өткен Жер реформасы бойынша республикалық комиссияның отырысында жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.  
Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, отырыста айтылған пікірлер мен ұсыныстардың барлығы сараланып, жұмыс топтарында талқыланады.
«Келесі отырыста біз жерді шетелдіктерге жалға береміз бе, бермейміз бе, соны бүгінгі отырыстағы секілді талқылайтын боламыз. Содан кейін, осы үлкен екі тақырып айтылып, талқыланып біткеннен соң, халыққа шығатын шығармыз, ол үшін де өзіміздің позициямыз, ұсынысымыз болу керек. Ондай ұсыныс болмаса, жай халыққа бару қисынсыз, олар да біздің ұсынысымызды күтіп отыр», – деді Б.Сағынтаев. Жиынды қорытындылағанда комиссия жетекшісі ендігі отырыс келесі сенбі, 28 мамырға жоспарланғанын жеткізді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар