Көкшетау қаласының әкімшілік мамандандырылған сотының қаулысымен В.Савенко «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 158 бабы бойынша, яғни, тауар таңбасын заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот құқық бұзушыға ІКЕА және ИКЕА тауар белгілерін заңсыз қолданғаны үшін 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды. Облыстық әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің қызметкерлері осы жеке кәсіпкердің қызметін жоспардан тыс тексеру кезінде Inter IKEA Systems B.V. тиесілі тауар белгісінің заңсыз қолданылып келгенін анықтады.
Оның заңды иеленушісі тауар белгісін пайдалану құқығын басқа тұлғаға лицензиялық келісім бойынша бере алады. Мұның өзі белгілі бір мерзімге ғана созылады. Тауар белгісін заңсыз пайдаланған азаматтар еліміздің заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз. Сонымен бірге, кінәліге екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, заңсыз бейнелері болған тауарлар тәркіленеді.
Татьяна ТЕРЕЩЕНКО,
облыстық әділет департаменті
зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы.