Ақмола облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы нормаларының сақталуын қадағалау мақсатында биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыстағы денсаулық сақтау басқармасына қарасты бірқатар медициналық мекемелерге тексеріс жүргізді.
Тексеріс барысында қалалық және аудандық ауруханалар мен емханаларда өлшем құралын қолдануда метрологиялық куәландырудың болмауы, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тіркеу тізіліміне енгізілмеуі сияқты өрескел заң бұзушылықтар анықталды.
Мәселен, тексеріспен қамтылған алты медициналық мекеменің ішінде Көкшетау қалалық емханасында науқастарға диагностика жасау және емдеу кезінде фотоэлектроколориметр АЕ-30F «ЕRMA INC», Screen Master жартылай автоматтандырылған биохимиялық талдағыштар, электроэнцефаллограф, ИГД-02 ішкікөз қысымының индикаторы тәрізді алты бірлік өлшем құралы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тіркеу тізіліміне енгізілмегені дәлелденді. Осындай олқылықтар облыстық аурухана, №1 қалалық емхана, облыстық балалар ауруханасы, Атбасар аудандық ауруханасы, Ақкөл аудандық ауруханасы тәрізді бірқатар медициналық мекемелерде тіркелді.
Оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі 419 бабы бо-
йынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, қолдануға жарамсыз, мерзімі өткен өлшем құралдарын пайдаланудан алып тастау жөнінде нұсқау берілді.
Лариса ДАМЕР,
Ақмола облысы бойынша техникалық реттеу және
метрология департаментінің
бас маманы.