Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өте сақ болғанымыз жөн - АРҚА АЖАРЫ

Өте сақ болғанымыз жөн

Бұл күндері Жер кодексіндегі бірқатар нормалар жөнінде әртүрлі пікірлер айтылуда. Менің ойымша, бұл мәселені саясиландырмауымыз керек.

Кейбіреулер осылай істеп, арзан ұпай жинағылары келеді. Бұған жол бермеуіміз қажет. Республикалық комиссия да құрылып, жұмыс істеп жатыр. Ол осы мәселе бойынша дұрыс шешім шығарады деп үміттенеміз.
Ауылға бәріміздің де бүйрегіміз бұрады. Бүгінгі таңда елге жаны ашитындар мен жұмыс істей алатындар жердің нақты қожасына айналғандары жөн. Сонда ғана біздің еліміз алдыңғы қатарлы астық өндіруші мемлекеттің бірі болады. Қазірдің өзінде біздің бидайымызды біраз елдер тұтынатыны құпия емес. Тауарлы астық, экологиялық таза ұн шетке экспортталып жатыр. Осы істе өз биігімізден көрінуіміз керек.
Бұл мақсат жолындағы шаралардың бірі – ауыл тұрғындарын жан-жақты қолдау. Оларға арзан жемшөп, ауыл маңынан жеткілікті жайылымдық жер бөлініп берілуі қажет.
Жер жалға берілсе, міндетті түрде қазақстандықтарға ғана берілуі тиіс. Сонда ғана ол дұрыс пайда әкеледі. Ауыл шаруашылығы әсіресе, жөні түзу  инвестицияға мұқтаж. Инвесторлармен бірге қаржы, қазіргі заманғы техника, озат технология келетінін ұмытпау керек. Бірақ, инвесторлардың да инвесторы бар. Осы іске өте сақ, бекем болған жөн. Қазір  кейбір шаруа қожалықтары егіс алқаптарында агротехникалық шараларды жүргізе алмай отырғаны жасырын емес. Оларға жанды көмек көрсетпей болмайды.
Біздің серіктестік егіншілікпен бірге, мал шаруашылығын дамытуды да қолға алуда. Биыл 14,6 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар сіңірудеміз. Жаңа егіс кешенін сатып алдық. Көктемгі егіс жұмыстарын көп созбай уақытында  аяқтаймыз. Демек, жерді тек қана онымен дұрыс жұмыс істейтіндерге ғана сеніп тапсыруымыз керек.

Қайыр ОШАҚБАЕВ,
«Қоржынкөл А» серіктестігінің директоры, Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар