Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңартылған бағдарлама – ілгерілеу кепілі - АРҚА АЖАРЫ

Жаңартылған бағдарлама – ілгерілеу кепілі

Қазіргі көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті барынша күшейте түскені баршаға мәлім. Сол себептен де, бүгінгі білім берудің стратегиялық міндеті ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің қазіргі заманғы болашағы бар бағыттарына сәйкес келтіру болып табылады.

Осыған орай, білім беру саласындағы жаңалықтар және білім беру мазмұнындағы түбегейлі өзгерістер жетерлік. Солардың бірі – заман талабына сай орта білім беру мазмұнының жаңартылуы.
Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім берудің мақсаты – кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау.
 2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда бастауыш сыныптарда білім берудің жаңартылған стандарты енгізіледі. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесе отырып, 2016 жылғы 30 мамырдан бастап Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында еліміздің педагогтарының біліктілігін арттыру курсын қолға алды. Осы мақсатта ҚР БҒМ-інің 15.01.2016 жылғы №32 бұйрығымен бекітіліп, ҚР ӘМ-інің 24.02.2016 жылғы нормативтік-құқықтық актілерімен мемлекеттік тіркеуден өткен оқу бағдарламалары дайындалды. Мұғалімдерге арналған бағдарламалар педагогтардың тиісті жоғары кәсіби білім, педагогикалық жұмыс тәжірибесін жинақтауы үшін арнайы ойластырылған. Курстарды сертификатталған мамандар жүргізеді.
Оқудың бұл кезеңі бастауыш сыныптардың қазақ, орыс тілдері, ағылшын тілі, өнер мен технология, музыка және дене шынықтыру мұғалімдеріне арналып отыр. Үстіміздегі жылы жалпы алғанда 54 036 педагогты оқыту жоспарлануда. Оның ішінде
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы базасында 14 874, ал, «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында 32 162 мұғалім оқытылады. Сонымен бірге, Ақмола облысы бойынша Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы базасында білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтардың біліктілігін арттыру курстарында 854 мұғалім шеберліктерін шыңдамақ. Оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері – 207, қазақ тілі – 174, ағылшын тілі – 115, өнер мен технология – 295 және дене шынықтырудан 63 мұғалім оқытылады.
Курс аясында педагогтар оқытудың әлемдегі өзекті әдістемелерімен, критерийлік бағалау жүйесімен танысады. Орта білім мазмұнын жаңарту бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны пәнаралық ықпалдастық, оқытудан күтілетін нәтижелер, үздіксіз оқу, қызметтік тәсіл, минимакс ұстанымы, саралап оқыту, оқу жетістіктерін бағалау жүйесі, үштілдік оқыту, шығармашылықты дамыту және психологиялық жайлылық сияқты мәселелерді қамтиды.
Әрбір тыңдаушыға Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz. білім беру порталына қолжетімді онлайн-материалдары бар оқу-әдістемелік көмекші құрал беріледі.
Курс аяқталған соң мұғалімдер курстардың өткізілетін орындары бо-йынша республика өңірлерінде онлайн режімінде тестілеуден өтеді. Тестілеу тапсырмалары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді. Тестілеу нәтижелерін өңдеу және тапсыру автоматты түрде өткізіледі.

Гүлмира ПАЗЫЛОВА,
педагогикалық шеберлік орталығы
филиалының менеджері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар