II орын – үздік нәтиже

Шымкент медициналық колледжінде «Қазақстан Республикасы медициналық колледждерінің үздік оқытушысы – 2016» байқауы болып өтті.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 16 оқу орнының ұстаздары қатысып, солардың ішінен Көкшетау медициналық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Александр Беляев екінші орынды жеңіп алды. Байқаудың үш кезеңінің алғашқысы 60 сұрақтан тұратын тест сынағынан өту болды. Сұрақтар педагогика, психология және колледждің ішкі тәртіп пен тәрбие жұмысына байланысты қойылды. Екінші өзін-өзі таныстыру кезеңінде қатысушы өзінің педагогикалық ұстанымын, көзқарасын анық білдіруі тиіс болса, үшінші кезең – тәжірибелік кезең еді. Бұл  кезеңде ұстаздар оқу әдістемесінің өзіндік үлгілерін қазылар алқасына ұсынды. Осы үш кезеңнен де сүрінбей өтіп, топ жарған жерлесімізге шығармашылық табыс тілейміз.
Тұмарым Бабасанова,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар