Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласында жаңадан салынып жатқан және күрделі жөндеуден өткізілетін нысандардағы жұмыстардың барысымен танысты. - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласында жаңадан салынып жатқан және күрделі жөндеуден өткізілетін нысандардағы жұмыстардың барысымен танысты.

Өңір басшысы алдымен, болашақ Неке сарайында болды. Нысанның құрылысын «Ақсәуле» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Жоба бойынша нысан құны 284 миллион теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі кезде ғимараттың бірінші қабатының қабырғасы тұрғызылып, төбесі жабылған.

Сондай-ақ, екінші қабатының қабырғасын кірпішпен қалау және металл конструкцияларды монтаждау жұмыстары қызу қолға алынған. Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі Сергей Кулагин салынып жатқан нысанның келешекте қаланың ең көрікті орындарының біріне айналатынын атап өтті. Сонымен қатар, нысанды келер жылдың екінші тоқсанында барлық талаптарға сай пайдалануға беруді тапсырды.
Капцевич көшесінің бойында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына да көңіл бөлінді. Қазіргі кезде мұнда Вавилов көшесінен бастап, теміржол көпіріне дейін 4,5 шақырым жол жөнделуде. Осы орайда, аймақ басшысы жөндеу жұмыстарын мерзімінде 5 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Ал, «Оқжетпес» стадионында болғанында қолға алынған ағымдағы жөндеу жұмыстарына назар аудара келе, орын алған кейбір кемшіліктерді тез арада жою қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар