Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Израиль елімен алыс-беріс бір жақты ғана - АРҚА АЖАРЫ

Израиль елімен алыс-беріс бір жақты ғана

Облыс әкімі Сергей Кулагин өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Израильдің Төтенше және өкілетті елшісі Михаэль Бродскийді қабылдап, екіжақты ынтымақтастық, сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту және инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастырды. Ақмола облысы мен Израиль арасындағы ынтымақтастық еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастау алады.

Сол уақыттан бері осы елмен сауда-экономикалық байланыс тұрақты дамып келеді. 2015 жылы Ақмола облысы мен Израиль мемлекеті арасындағы  өзара сыртқы сауда айналымы 5768,2 мың АҚШ долларын құраған.  Оның барлығы импорттың үлесінде, бұл елге экспортқа тауар мүлдем шығарылмаған.  Биылғы жылы импорт көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәл азайып отырған көрінеді. Ол жақтан бізге негізінен мата, механикалық құрал-жабдықтар, электр трансформаторлары, телефон аппараттары және электр аппаратуралары жеткізілуде.
Бүгінгі күні облыс аумағында «Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, оған қоса, Ақкөл қаласында «SHALOM AQKOL» еврей мәдени-ақпараттық жастар орталығы жұмыс істейді.
Жылы шырайлы кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен сөз болды. Кездесуде облыс әкімі Сергей Кулагин Ақмола өңірінде аграрлық сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын айта келе, Израиль сияқты мемлекетпен арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға, инвестиция тартуға дайын екендігімізді мәлімдеді.
– Астаналық облыстың экономиканың қай саласын алсақ та, мүмкіндігі зор. Облыс ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салалары бойынша республикада алдыңғы орында. Сондықтан, біз сіздермен өңірімізге инвестиция тартып, ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз, – деді Сергей Кулагин.
Өз кезегінде Израиль елшісі Михаэль Бродский мырза да Ақмола жеріне келгеніне өте қуанышты екенін, әсіресе, ондаған ұлт өкілдерінің кең-байтақ қазақ даласында тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын ерекше ілтипатпен ауызға алды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар