Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күзет қызметінің аясы кең - АРҚА АЖАРЫ

Күзет қызметінің аясы кең

Облыстық ішкі істер департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімі мен жеке күзет құрылымдары басшыларының кездесуі барысында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Жиында сондай-ақ, күзет қызметі үкіметтік емес субъектілерінің ішкі істер органдарымен өзара бірлесіп әрекет ету, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және қылмыспен күреске жеке күзет мекемелерін тарту,  күзетілетін нысандарда, басқа да жерлерде әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.
–Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға тәртіп сақшыларымен қатар, жеке күзет құрылымдарын қатыстыратын болсақ, бұл ішкі істер органдарының қылмысқа жедел, әрі мобильді әрекет етуін мейлінше жақсарта түсер еді. Мұның көшелерде де қауіпсіздікті күшейтіп, заң бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда кримогендік жағдайды тұрақтандыруға өз септігін тигізетіні сөзсіз», – деп атап өтті өз сөзінде департаменттің күзет қызметін бақылау бөлімінің басшысы Сәкен Әбілмәжінов.
Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» Заңына сәйкес, жеке күзет мекемелері мемлекеттік органдардың жұмысына жете қол ұшын берулері шарт. Осыған орай, мемлекеттік жекеменшіктік әріптестік аясында жоғарыда аталған мәселелер бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Бүгінде облысымызда 137 күзет қызметі субъектісі қоғамдық орындарды күзетуге жұмылдырылып отыр. Олардың қатарында үш мыңға жуық адам жұмыс істейді. 94 жеке күзет мекемесі мен 43 филиалы 640 нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сонымен бірге, облыс аумағында екі мыңға жуық нысан мен 601 пәтер 21 оператор фирмалардың орталықтандырылған пультпен бақылау жүйесіне қосылған. Күзет қызметін бақылау бөлімі мамандарының айтуынша, жыл басынан бері екі тараптың бірлескен жұмысының нәтижесінде 11 ұрлық, 4 бұзақылық және есірткі заттарын заңсыз пайдалануға қатысты 6 қылмыстың беті ашылып, 51 әкімшілік заң бұзушылық  анықталды.

Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар