Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үлгілі мемлекеттік қызметші - АРҚА АЖАРЫ

Үлгілі мемлекеттік қызметші

Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының құрылып, жұмыс істей бастағанына биыл 5 жыл толып отыр. Қаржы саласындағы сыбайлас  жемқорлыққа, заң бұзушылықтарға қарсы күресте және осының алдын алуда елеулі рөл атқаратын бұл құрылым өзіне жүктелген қиын да жауапты міндетті ойдағыдай атқарып келеді. Мұның өзі ең алдымен, ұжымда еңбек етіп жүрген мамандарымыздың қажыр-қайратының  жемісі екендігі анық.

Сондай үлгілі мемлекеттік қызметшілердің бірі – Майра Жұмабайқызы Тұрлыбекова. Ол  Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының №2 бақылау бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы. Төрт жылдан бері осы мекемеде еңбек етіп, бұл саланың қыр-сырын жетік меңгерген кәсіби біліктілігі жоғары маман. Оның еңбек жолы 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасында басталды. Кейін Көкшетау облыстық қазынашылық басқармасында, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аймақтық өкілдігінде түрлі қызметтер атқарған Майра Тұрлыбекова мемлекеттік құрылымдардағы өзгерістерге байланысты қайта құрылған Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау басқармасында жемісті қызмет істеді. 2012 жылдан бастап осы күнге дейін Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында да дәл осылай абыройлы еңбек етіп келеді.
Қай мекемеде, қандай қызмет атқарса да, Майра Жұмабайқызы өзінің кәсіби білікті маман екендігін көрсетіп, жүктелген міндетті барынша адал және жауапкершілікпен орындайды. Оны ұжымдағы әріптестері білікті және тәжірибелі маман ретінде жоғары бағалап, құрмет тұтады. Өз жұмысын жақсы атқарумен бірге, жастарға да білгенін үйретуден ешқашан жалыққан емес.
Биыл тексеру комиссиясының құрылғанына 5 жыл толуына орай, ұжымымызда тағы бір елеулі жаңалық болды. Майра Жұмабайқызы осы саладағы ұзақ жылғы табысты еңбегі үшін «Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Мұның өзі 2013 жылы облыстық мәслихаттың Алғыс хатын алған әріптесімізге өз міндетін адал атқарғаны үшін көрсетілген тағы бір лайықты құрмет деп білеміз.

Мереке МҰСТАФИН,
Ақмола облысы бойынша тексеру
комиссиясының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар