Реформа ықпалы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрi Талғат Донақов министрліктің жұмысы туралы  халық алдында есеп берді. Онлайн режимінде өткен кездесуге облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров қатысып отырды.

Министр есебіне Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров қатысты.  Талғат Донақов өз сөзінде елімізде қолданылып жатқан мемлекеттік қызметтің жаңа моделі туралы әңгімелеп, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның негізгі  бағыттарына тоқталды. Оның мәлімдеуінше, қазіргі таңда Қазақстандағы мемлекеттiк қызметшілердің жалпы саны 99 мың адамға жуықтайды. Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшілер 98464, атқарушы «Б» корпусындағы қызметшілер  97 971, «А» басқару корпусындағы қызметшілер  493, саяси мемлекеттiк қызметшілер 422 адамды құрайды. Мемлекеттiк аппаратта 7,6 пайызды құрайтын бос орындарды қоса есептегенде,  91 мың адам еңбек етеді.
–Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде өткен жылы мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданған болатын. Заңда мемлекеттік қызметтің имиджі мен  беделін арттыруға  ерекше көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн.  Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметке жұртшылықтың сенімін қалыптастырып, басқарушылық қызметке қоғам тарапынан қойылатын бағаның көрсеткіші болып табылады, – деді министр өз сөзінде.
Бұл  «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң ашық конкурстық іріктеудің жүргізілуін қамтамасыз етуге, біліктілік негізіндегі мансаптық ілгерілеу, нәтиже бойынша еңбекақы төлемін белгілеуге бағытталған. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметке орналасу төменгі  лауазымнан бастап жүзеге асырылады. Министр есеп беру кездесуі кезінде азаматтарға мемлекеттік қызметке енгізілген осы және басқа да өзгертулерді кеңінен түсіндіре келе, әріптестерін сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ болуға шақырды.   
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар