Бірден үш зертхана

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде осы заманғы құрылғылармен жабдықталған үш физика зертханасы ашылды. Алдағы уақытта оптика және электрлендіру, физиканы оқыту әдістемесі, механика және молекулярлық физика зертханаларында студенттер мен магистранттардың заман талабына сай терең білім алуларына қолайлы жағдай туғызылмақшы.

Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор  Әбдімүтәліп Әбжаппаров оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту орайында соңғы жылдары көп жұмыстар атқарылғандығын, бүгінгі ашылып отырған зертханалар осы бағыттағы тағы бір игі қадам екендігін атап өтті. Оптика және электрлендіру зертханасы украиналық «Оқу техникасы» фирмасы шығарған қос оқу модульдік кешенімен жабдықталған.
Онда 12 түрлі зертханалық жұмыстармен айналысуға болады. Ресейлік «Химлабо» фирмасы шығарған құралдар орнатылған физиканы оқыту әдістемесі зертханасы да осы заманғы құрылғылардан, соның ішінде сандық оқыту технологиясы құрылғысынан тұрады. Бұл зертханалардың бәрі  студенттер мен магистранттардың теориялық білімдерін тәжірибе сабақтарымен ұштастыруларына үлкен көмегін тигізбекші. Ал, мұның өзі университетте білім сапасын арттыра түсуге жағдай жасайтыны даусыз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар