Үлкеннен – ақыл, жастан – құлық

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері облыс орталығындағы №1 құрылыс-техникалық колледжінде болып, облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылған осындағы кәсіби орталықта тігінші мамандығын меңгеріп жатқан жастармен  кездесті.

Оған агротехникалық, сервистік-техникалық және құрылыс-техникалық колледждерінің оқушы қыздары қатысты. Аналар кеңесінің мүшелері жастармен мамандық таңдау, кәсіптік білім алу тақырыбында әңгіме-дүкен құрды.
Кездесуге қатысқан белгілі кәсіпкер Алма Үндемісова өзінің жетістікке жету жөніндегі тәжірибесімен бөлісті. Бүгінде мемлекетіміз шағын және орта бизнесті қолдап отырғанын, еңбек етемін деген жастарға барлық мүмкіндіктер жасалғанын тілге тиек ете келе, сіңлілеріне «бір орында тоқтап қалмай, өздеріңді жетілдіруге тырысыңдар, көп оқып, тиянақты білім алыңдар» деген ақылын айтты.
Ал,  Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова 2017 жылдан бастап Елбасының қолдауымен кәсіптік білім алу елімізде тегін болатындығын  айта отырып, қыздар тәрбиесіне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, чуваш тілінің мұғалімі Елена Тарасова қолөнерден қыздарға арнап шеберлік сабағын өткізді.  Өз кезегінде оқушылар келген апайларына алғыстарын айтып, оқып-үйренгендерін міндетті түрде таңдаған мамандықтарында қолданатындықтарына сендірді.
«Қоғамдық келісім»  мекемесінің баспасөз орталығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар