Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нағыз қатыгездік - АРҚА АЖАРЫ

Нағыз қатыгездік

Бүгінде барша қауым Ақтөбедегі қанды оқиғаға қанық болып, оның астарына үңілуде.

Біреу салафиттер исламның өкілдері десе, енді біреулер мұны қарақшылық топтың әрекеті деп бағалауда.  Шынында да, бұл қаныпезер топтың артында кім тұр? – деген сауал туындайды. Оны әркім әр саққа жүгіртеді. Меніңше, жамандық атаулыны исламға телу батыстық саясаттың қитұрқы түрі екенін естен шығармаған жөн. Кезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ислам әлемге емес, әлем исламға қауіп төндіріп тұр» деген жоқ па еді.
Ендеше бұл дін атын жамылған қарақшы топ біз ұстанатын исламнан алшақ жатқанын айтуға тиіспіз. Мен де Алланың қалауымен қажылық парызымды өтеп қайтқан жанмын. Бірақ, қасиетті Рамазан айының дәл алдында мұндай қатыгездікке шын мұсылман адам ешуақытта бармайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның бір хадисінде басқаға тілімен де, қолымен де зиянын тигізбеген мұсылман ғана шын мұсылман екенін айтқанын білеміз. Олай болса, шынайы мұсылман осылай қатыгездікке барар ма еді.
Бұл барып тұрған жауыздық қой. Қаншама бейбіт тұрғындар опат болды. Өзінің әскери борышын өтеп жүрген жас қыршын ше? Ол да біреудің жан баласы емес пе еді. Неге оған оқ атты. Бұл мұсылмандықпен қалай сыйысады. Сөзімнің соңында барша қауымды сабырлылыққа шақырып, арам пиғылды арамзалардың апанына түсіп қалмайық дегім келеді. Еліміздің тыныштығынан құнды, одан маңызды ештеңе жоқ.
Марат ҚОЙШИН,
ұлттық спорт  түрлері бойынша
облыстық спорт мектебінің  директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар