Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамының арқа сүйері - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамының арқа сүйері

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған салтанатты шараға қатысып, жиналғандарды биыл тұңғыш рет аталып отырған осы кәсіби мерекемен  құттықтады.

Жиналысқа облыстық, қалалық және аудандық салалық кәсіподақтардың және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты. Салтанатты жиналыс-ты «Ақмола облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Кеңес Бекішев ашып, жүргізіп отырды. Облыс әкімінің орынбасары өзінің құттықтау сөзінде Ақмола облысының кәсіподақтар орталығы 90 мыңға жуық адамды біріктіріп отырған үлкен қоғамдық бірлестік болып саналатынын атап өтті. Бірлестік әлеуметтік әріптестікті қамтамасыз етіп, еңбеккерлердің құқын қорғау бағытында маңызды рөл атқаруда. Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» жаңа заңы қабылданып, қолданысқа енгізілді, Еңбек күні белгіленіп, «Еңбек даңқы» ордені мен «Еңбек ардагері» медалі тағайындалды. Кәсіподақ қозғалысының басты міндеті еңбек адамының мүддесін қорғау, жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру болып табылады. Бұл мемлекет тарапынан да қолдау тауып отыр.
Жиналыста Кеңес Бекішев «Кәсіподақ қозғалысының даму жолы. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХХІV съезінің шешімі – осы сала ұйымдары жұмысының басты бағыты» тақырыбында баяндама жасады. Сала ұйымдарының төрағалары еңбеккерлерге жағдай жасау, еңбек қауіпсіздігін сақтап, еңбекақыны уақытында төлеу, ұжымдық келісім-шарт жасау, еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ету, өндіретін өнімнің сапасы мен көлемін арттыру мәселелері бойынша жұмыс берушілермен бірге үлкен жұмыстар атқарып, ұжымдарда тәртіпті нығайтуға ықпал етуде.
Салтанатты жиналыста облыстық ғылым және білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Бейсенбай Әбдірахманов, Аршалы аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Татьяна Пристинская және «Тыныс» акционерлік қоғамы кәсіподақ комитетінің төрайымы Надежда Байменова сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар  жөнінде айтып берді. Бұдан соң бірқатар басқармалардың және облыстық кәсіпкерлік палатасының басшылары жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков бірқатар салалық кәсіподақ басшыларына облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ, өзге де кәсіподақ өкілдері облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар