Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
19 маусым – медицина қызметкері күні - АРҚА АЖАРЫ

19 маусым – медицина қызметкері күні

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді  шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз –
Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Бұл күні біз  жаны жабырқаған науқастарға мейірім сыйлап, өмір сүруге күш беретін әлемдегі ең қажетті әрі мәртебелі дәрігер мамандығын  таңдаған жандарға құрметімізді көрсетеміз.
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, өз мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз, адам өмірін жақсартуға арнаған жанкешті еңбектеріңіз дәрігер мамандығын жаңа жеңістердің кепілі мен негізіне айналдырды.  
Ақмола облысының мыңдаған тұрғындары сіздерге дәрігерлік күтім жасап, дұрыс емдей білгендіріңіз үшін  алғыстарын айтуда. Ұлт пен ұрпақтың денсаулығы қашанда мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық стратегияларының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Біздің еліміз өз егемендігін алу барысында өмірдің қай саласында болсын, бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында.
Бүгінде біз ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына аяқ басып отырмыз. Осы жылдар ішінде денсаулық сақтау саласының қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген тапсырмалардың жүзеге асырылуының куәсі болдық.  Бүгінгі күні Ақмола облысының тұрғындары 12 мың адам еңбек ететін 633 денсаулық сақтау нысандарының көмегіне жүгінеді. Біздің өңіріміздің медициналық мекемелері аурудың алдын алу мен емдеудің әлемдік стандартқа сай жаңа әдістерін енгізіп, ең үздік заманауи қондырғылармен жабдықталуда.

Қадірлі ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын әрі тынымсыз да жауапты қызметтеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге осынау мереке күні мықты денсаулық, бақыт, сарқылмас қуат және адам денсаулығы мен өмірі үшін жасап жатқан мәртебелі қызметтеріңізге жеміс тілеймін!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Құрметті медицина ардагерлері мен қызметкерлері!
Сіздерді атаулы кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл  өздерін жауапты да игілікті іске арнаған жандардың мерекесі.  
Бүгінде денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекеттің басым міндеттерінің бір болып табылады.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында медициналық-санитарлық көмекті жетілдіруге ерекше назар аударады. Сонымен бірге,  медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, науқастарға қызмет көрсетудің озық стандарттарын енгізу мен жекеменшік медицинаны дамыту мақсатында  нақты міндеттер қояды.
Медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен зор тәжірибесі болашақта белгілеген мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетініне сенімдіміз! Осы күні адамдардың игілігі жолында атқарып жүрген қызметтеріңіз үшін шексіз алғысымды  білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық  мәслихатының хатшысы.

 

 

 

Ардақты ақмолалық медицина қызметкерлері!
Баршаңызды  кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Жер бетіндегі ең бір ізгі мамандық иелері болып саналатын дәрігерлер қауымы қашан болсын, адам баласының жанына шипалық жасап, үнемі алғысқа бөленіп келеді. Бұл орайда, ақмолалық медицина қызметкерлері де өздерінің міндеттерін адал атқара отырып, өңір халқының ризашылығына бөленіп келеді.
   Тәуелсіз еліміздің медицина саласы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей көңіл бөліп, қамқорлық жасауының арқасында әлемдік деңгейде дами түсті. Соңғы жылдары елімізде жаңадан бүгінгі күннің талабына сай келетін көптеген ауруханалар мен емханалар, түрлі клиникалар салынды. Емдеу мекемелері  осы заманғы ең озық медициналық құрал-жабдықтармен, кәсіби шеберліктері аса жоғары мамандармен қамтамасыз етіліп келеді. Қазір Қазақстанның кез-келген облыстық ауруханаларында аса күрделі оталар жасалып жатқандығы осының жарқын бір көрінісі болса керек.
Бүгінгі мереке күні барлық дәрігерлер қауымына ризашылығымызды білдіре отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасының аманшылығын, жақсылықтар тілейміз. Әрдайым табысты болыңыздар!
Рашит Әкімов,
Жабал Ерғалиев,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар