Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Арықты мектебінде екі оқушы «Алтын белгі» алды - АРҚА АЖАРЫ

Арықты мектебінде екі оқушы «Алтын белгі» алды

Қазақстан Респуб-ликасының Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Қорғалжын ауданындағы Арықты орта мектебінде болып, оқуды үздік бітірген түлектерге «Алтын белгі» төсбелгісін табыс етті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов  қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Мектеп директоры Әйгерім Күлбаеваның айтуынша, 173 бала оқитын білім ордасынан биылғы жылы 6 оқушы үлкен өмірге қанат қағып отыр. Түлектердің үшеуі Ұлттық бірыңғай тестілеуге   қатысып, екеуі «Алтын белгі» иегері атанған. Мектепті үздік бітірген Айтолқын Боранбаева 2016 жылы республикалық «Ақберен» байқауында топ жарса, Асылжан Семейхан қазақ тілі пәні бойынша  өткізілген олимпиадада  қола жүлдегер атанған.
«Кез-келген мектеп бітіруші үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткішке қол жеткізу үлкен арман. Мен бүгін  11 жыл бойы сапалы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма шексіз алғысымды білдіремін. Бұл менің ғана жетістігім емес, осы ұстаздар мен ата-анамның да ерен еңбегі. Алдағы уақытта еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінде білім алып, Отаныма қалтқысыз қызмет ететінім анық», – дейді «Алтын белгі» иегері Асылжан Семейхан. Ал, Айтолқын Боранбаева болса, Астанадағы Л.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінде білімін жалғастыруды жоспарлап отыр.
Салтанатты шарада «Бұл – 47 жыл ішінде осындай нәтижеге тұңғыш рет қол жеткізіп отырған мектеп ұжымы үшін үлкен жетістік. Мұны әрине, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде білім саласына көрсетіліп отырған көмек-қолдаудың жемісі деп қабылдаған жөн», – деді  вице-министр мектепті үздік бітірген қос түлекке «Алтын белгіні» тапсырар алдында.
Сонымен қатар, салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов те білім жолында жоғары нәтижеге қол жеткізген мектеп түлектері мен мұғалімдер ұжымына және ата-аналарға облыс әкімінің атынан алғыс білдіріп, мектеп бітірген жастарға  орта білім туралы аттестаттарды табыс етті.  Жалпы, 2015-2016 оқу жылында облыс бойынша 4329 оқушы мектеп бітірді. Оның 3128-і ҰБТ-ға қатысып, 74 оқушы «Алтын белгі», 37 түлек үздік аттестат иегері атанды. Облыс түлектерінің тестілеуден жинаған орташа  балдық көрсеткіші 77,6  пайыз болды.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар