Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауырмаудың амалы – салауаттылық - АРҚА АЖАРЫ

Ауырмаудың амалы – салауаттылық

«Бірінші байлық – денсаулық» деп қазақ текке айтпаған ғой. Денсаулық болмаса, адамның өмірінің еш мәні қалмайды. Ондай адам жұмыс істемейді, емхана жағалап, тапқан-таянғанын дәрі сатып алуға жұмсайды. Одан қалды, жанашыр жақындары жағдайына алаңдап, мазасы кетеді.
Бүгінде не көп, ауру көп. Жас та, кәрі де түрлі дертке шалдығып, аурухана табалдырығын тоздырып жүреді. Менің ойымша, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың амалын іздеген дұрыс. Ал, ауырмаудың амалы салауаттылықты ұстанып, ұйқы мен тамақтану тәртібін сақтау. Елбасымыз Жолдауында салауаттылықты сақтауды, бұқаралық спортқа адамдарды, әсіресе жастарды көптеп тартуды міндет етіп қойды. Өкінішке орай, бүгінде салауаттылықты ұстанатын жандар көп емес. Темекі тартуды сәнге айналдырып, тіпті қыз-келіншектер темекіні бұрқырататын болды. Ал, оның соңы түрлі ауруларға ұшыратып жатады.
Қазір ең кең таралған дерттердің бірі – жүрек ауруы. Осы аурудан мезгілсіз көз жұмып жатқан адамдар көп. Америкалық кардиолог Пол Уайттың айтуынша, жүрек 150 жыл бойы қалыпты жұмыс істеуі мүмкін екен. Әрине, ол үшін тамақтану, дем алу тәртібін сақтап, салауаттылықты ұстану қажет. Тәулігіне жүз мың рет соғатын жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін жүйкеге салмақ түсірмей, ұрыс-керістен аулақ болып, таза ауада серуендеп, немере-шөберелеріңді тәрбиелеп, саяжайда бау-бақша егіңіз – жүрек ауруының емі осы.  Әр адамның денсаулығы ең алдымен, оның өзіне қажет. Сондықтан, денсаулыққа жете көңіл бөлу керек. Сонда деніңіз сау болып, ұзақ жасайсыз.
Іңкәр МҰХАМБЕТЖАНОВА.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар