Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаудағы жеңіс - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаудағы жеңіс

Франциядағы Еуропа чемпионаты үлкен футбол тойына баланса, ақмолалықтар да биылғы маусымда бірінші рет өз алаңында «Оқжетпес» клубының ойынын тамашалап, бір жасап қалды.

Жерлестеріміздің Көкшетауда бұлай кеш өнер көрсетуіне стадионның біріншілікке уақытында дайын болмауы себеп болды. Сондықтан да, жұртшылық асыға тосқан «Оқжетпес» пен Қарағандының «Шахтер» командаларының кездесуіне жанкүйерлер көп жиналғанын айта кету керек. Тілеулестерінің қолдауымен ойынды жігерлі бастаған алаң иелері қарсыластар қақпасына алғашқы допты 6-шы минутта өте тез соқты. Жанкүйерлердің де күткені сол еді. Өйткені, мұның алдындағы турда «Шахтер» өз алаңында Алматының «Қайратынан» 0:5 есебімен ойсырай ұтылған. Соңғы ойындарда өз қақпасына 16 доп жіберіп алған клубтың шамасы белгілі ғой.
Биылғы чемпионатта жақсы ойын өрнегі әрі мергендігімен команда сапынан белді орын алған  Жасұлан Молдақараевтың осы голынан кейін көкшетаулықтар шабуылды одан әрі үдете түсті. Ойынның 18-ші минутында  Марат Хайруллиннің соққан добын қақпашы әзер қайтарды. Әсіресе, Серж Бандо оң қапталдан ұшқыр қимылдап, қайта-қайта қарсыластар қақпасына қауіп төндірумен болды. Әттең, ол жарақат алып, басқа ойыншымен алмастырылғаннан кейін біздің шабуыл
шебіміз біраз ойсырап қалғандай көрінді. Дегенмен, үзіліске командалар 2:0 есебімен кетті. Қонақтардың қақпашысы Шацкий «Оқжетпестің» шабуылшысы Игорь Юринді қақпа жанында қолымен құлатқаннан кейін төреші дұрыс белгілеген 11 метрлік айып добын Жасұлан тағы да мықты соққысымен қақпаға топ еткізді.
Ойынның екінші кезеңі ә дегеннен оқжетпестіктердің басымдылығымен басталды. Бірақ, команданың доп-
ты алға шығарып, шабуылды үдете түсудің орнына бұрынғы әдетіне басып, көбіне артқа ойнауы жанкүйерлердің орынды өкпе-ренішін тудырып жатты. Соған қарамастан, кездесудің 68-інші  минутында  қарсыластардың айып алаңындағы кезекті бір қарбалас сәтте аяғына тиген допты қақпаға қақырата дәл соққан қорғаушы Даниил Чертовтың күш-жігерінің арқасында есеп 3:0-ге жетті. Қонақтар болса,  біздің қақпашыны бүкіл ойын бойы бір рет те жөнді мазалай алмай, ірі есепке келісуге мәжбүр болды.
Кездесудің соңына таман ойынға қосылған Әлібек Бөлешевтің де ұшқыр қимылымен бір-екі рет доп соғатын мүмкіндігі болған еді. Соның өзінде «Оқжетпес» ірі жеңісімен осы ойынды асыға тосқан жанкүйерлерін қуантып тастады. Енді жерлестеріміз ертең Шымкентте «Ордабасымен»  кездесіп, 24 маусымда өз алаңында «Астананы» қабылдайды.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.               

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар