Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанның беделі жоғары - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанның беделі жоғары

Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Онлайн режимінде өткен кездесуге еліміздің әр облысы тікелей көрсетілім арқылы қатысты. 

Биылдан бастап министрлер мен ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары халық алдында есеп беруде. Бұл жолы кезек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне келіп отыр. Кездесуде министр Ерлан Ыдырысов Қазақстанның сыртқы саясатын айта келе, Елбасының шетелдерге ресми жұмыс сапарларына тоқталды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы сыртқы саясат мәселелерiне ерекше көңiл бөліп келеді. Президенттiң жыл сайынғы сыртқы сая-сат қызметi өте белсендi әрі халықаралық беделі де жоғары. 2016 жылдың басынан берi Мемлекет басшысы шетелге 8 мәрте сапар шеккен. Оған қоса, 21 мемлекеттiң басшысын, үкiмет жетекшiсiн, халықаралық ұйымдардың басшыларын қабылдады. Жалпы, 19 халықаралық iс-шара өткiзiлiп, 39 екiжақты сапар жасалған.
Сонымен қатар, министр еліміздегі жер дауы мен Ақтөбеде орын алған террористік актіге де ерекше тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, лаңкестердің әрекеті Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында да қаралған.
– Біз бұл жерде теориялық діни ағым мен практикалық діни ағымның аражігін ажыратып алуымыз керек. Біздің елімізде дінге қысым жоқ, кез-келген дінді кемсіту де жоқ. Бірақ, мемлекетіміздің тағы бір қағидасы – қоғамдық келісімді сақтау, – дедi Ерлан Ыдырысов.
Осы орайда, министр еліміздегі жер дауы мен Ақтөбедегі жағдай Қазақстанның имиджіне кері әсерін тигізбесе де әлем бойынша исламның атын жамылып, дәстүрлі діннен жат дүниелерді жасайтындардың әрекетін қатаң сынға алды.
Сондай-ақ, есеп беру кездесуінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастыру және шетелден келетін қонақтарды қарсы алу тәрізді Қазақстанның сыртқы саясатына қатысты өзге де мәселелер кеңінен сөз болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар