Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысына қатысты. - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысына қатысты.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы лауазымына Н.Нығматулиннің кандидатурасын қарастыру туралы ұсыныс берді.
– Баршаңыз Нұрлан Зайроллаұлын жақсы білесіздер. Ол Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Мәжілістің V шақырылымын басқарып, көбіңізбен бірге еңбек етті. Оның Президент Әкімшілігіндегі екі жарым жыл істеген қызметі Президент сайлауы, Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы сияқты қауырт саяси кезеңдерге сәйкес келді. Еліміз үшін ауқымды саяси жұмыстар жүргізілді. Сайлаулар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жақсы бағаға ие болды. Халқымыз ынтымағын көрсетіп, бізді қолдады. Сондықтан, жұмысты одан әрі жалғастыруымыз қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің атқарушы билікпен арадағы өзара іс-қимылды белсендірек жүргізуі қажеттігіне назар
аударды.
– Біз Үкіметке жұмысты байыппен жүргізуге мүмкіндік бердік, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Бірақ, бұл жетекші саяси партиямыз «Нұр Отан» мен оның фракциясы Үкіметтің алдына қойылатын міндеттердің орындалуына қатаң қарамауы тиіс дегенді білдірмейді. Орындалуы қажет стратегиялық бағдарламалар бар. Біздің өз елімізде де, шетелдерде де орындалуын жұрт бақылап отырған негізгі міндетіміз – бес институционалды реформаның іске асырылуы жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Мәжіліс төрағасы қызметінде атқарған жұмысы үшін Б.Ізмұхамбетовке алғыс айтты.
– Бүгін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төралқасының кезектен тыс отырысы өтіп, оның барысында Бақтықожа Ізмұхамбетов кеңес төрағасы болып сайланды. Еліміз үшін бұл өте маңызды мәселе. Көптеген көрнекті қайраткерлердің басын қосып отырған ұйым ардагерлердің мәселесімен де, жастардың адамгершілік тәрбиесімен де айналысады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар