Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкерлерге кеңес берілді - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкерлерге кеңес берілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында қазіргі жаһандық ахуалдарға төтеп беру үшін бизнес саласын дамытып, кәсіпкерлерге нақты қолдаулар көрсету керектігі айтылған. Бұл барлық қазақстандықтардың көңіліне сенім ұялатып, бүгінгі күні нақты міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігер жұмсалуда.

Жергілікті жерлерде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолдаулар көрсетілуде. Атап айтқанда бизнесті дамыту үшін несиелер мен гранттар бөлініп, әркім өзі бастаған ісінің несібесін көруге мүмкіндік туды. Бірақ, тұрғындардың көбі несие алуға құлшыныс білдірмейтіні жасырын емес. Оған биылғы жылы ақпан-наурыз айларында теңгенің құлдырауы, бағаның өсуі сияқты сыртқы факторлар да әсер еткені айдан анық. Осы тұрғыда батылдылық танытып, өз ісін алға бастыру үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие алып, өз ісін өрге дөңгелеткендер де бар. Ауданымызда «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының жемісін көріп отырған кәсіпкерлер бар.
Солардың бірі – «Белсенді туризм және демалыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аталмыш мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ауданда су туризмін дамыту мақсатында арнайы грант ұтып алды. Дегенмен, ауданымыз шалғайда орналасқандықтан, екінші деңгейлі банктердің мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие беруге асықпайтындығы да қолбайлау болып отыр. Мәселен, ауданымызда мейрамхана бизнесін қолға алған Болат Түлкібеков аталмыш бағдарлама бойынша несие алуға өтініш білдірген еді. Алайда, бұл несиені рәсімдеуге келгенде қиындық туындап, әлі күнге шешімін тапқан жоқ.
Осыған байланысты облыс орталығынан білікті мамандар келіп, аудан орталығында семинар өткізді. Онда шағын және орта бизнес өкілдеріне  мемлекеттік бағдарламалардың оңтайлы тұстары түсіндірілді. Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері мемлекеттік қолдаудың аясында кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлік бастамаларды жандандыру, «Бизнестің жол картасы – 2020» және өзге де мемлекеттік бағдарламалар жөнінде айтып берді.  Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының  бөлім басшысы Сандуғаш Алшынбаева аудан кәсіпкерлері үшін мемлекеттік бағдарламалардың оңтайлы тұстарын және бизнесті дамыту үшін мемлекет барлық жағдайды жасап отырғанын айтты. Ақмола облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кеңесшісі Құндыз Бекмағамбетова, «Қазақстанның халық банкі» акционерлік қоғамы Астана филиалының бас менеджері Бекен Баймұратов, Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығын қолдау қорының бас несиелік менеджері Бауыржан  Әшірбеков, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бөлімінің  кеңесшісі Жадыра Сүлейменова слайд арқылы аудан кәсіпкерлеріне несиені ресімдеу барысында жіберілетін қателіктер мен кемшіліктердің алдын алу барысын түсіндірді.
Жергілікті кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар аясында несие ресімдеудің жолдары қиын екендігін жасырмай, осы мәселенің жуық арада  шешімін табатындығына сенім білдірді. Қазіргі жаһандық дағдарыс кезінің өзінде мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар.
Шоқан ЗӘКАРИН.
Қорғалжын ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар