Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сұлу Бурабайдың көркіне тәнті болды - АРҚА АЖАРЫ

Сұлу Бурабайдың көркіне тәнті болды

Милан қаласында өткен ЭКСПО-2015 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонының бір миллионыншы келушісі ретінде тіркелген Даниель Берго бастаған италияндық туристер әсем табиғатымен танымал Бурабай курорттық аймағында болып, сұлу өңірдің көрікті орындарын аралап көрді.

Қонақтар облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Бурабайдағы ұлттық табиғат мұражайы, Қазақстандық Лапландия мен қазіргі заманғы «RIXOS» қонақ үй кешендері сияқты бірқатар демалыс орындарында болып, туризм саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен жақынырақ танысып, естелік суретке түсті. Сондай-ақ, Абылай хан тағы мен мұражайын көзбен көріп, дәмі тіл үйіретін қымыз, шұбат және бауырсақ тәрізді ұлттық сусындар мен тағамдардан ауыз тиді.
Даниель Берго мырзаның айтуына қарағанда, облысымызға алғаш рет аяқ басып отырған италияндықтардың негізгі мақсаты екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, екі жақтың салт-дәстүрін бір-біріне жақын таныстыру және туризм саласының дамуына оң ықпал ету. Ол Милан қаласында өткен ЭКСПО-2015 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильонының бір миллионыншы келушісі ретінде елімізге тегін саяхат жасауға жүлде ретінде тігілген арнайы сертификатқа ие болған еді.
– Сонау Италия елінен келіп отырған біздерді жылы қарсы алып отырғандарыңызға разымыз. Қонақжай ел екендеріңізге көзіміз әбден жетіп отыр. Табиғаттарыңыз да өте бай екен. Әсіресе, Бурабайдың сұлулығына көз сүйсінеді. Осында бір-екі күн болып, кейін саяхатымызды Оңтүстік Қазақстан облысында жалғастыратын боламыз, – дейді  Даниель Берго.

 

Аслан ОСПАНОВ

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар