Ортақ істе үлесі бар

Атбасар электровоз жөндеу зауыты еліміздегі іргелі кәсіпорындардың бірінен саналады. Бүгінгі таңда зауытта жөнделіп шығарылған әрбір электровоз тапсырыс берушілер тарапынан жоғары бағасын алып, үлкен сұранысқа ие болуда. Бұған еңбек озаттарының қосып отырған үлесі зор.
Осы орайда,  электродвигатель ақауын ретке келтіретін өз ісінің шебері Тимур Ахметовты ерекше атап өтуге болады. Оның мұнда жұмыс істеп жатқанына тоғыз жылдың жүзі болыпты. Жұмыстың барлық кезеңінде өзін білікті маман ретінде таныта білген іскер жан бұл күнде өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Сонымен қатар, ол өз тәжірибесін кейінгі жастарға да үйретуден еш жалыққан емес.

Аслан ОСПАНОВ.
Атбасар ауданы.

Суретте: еңбек озаты, слесарь Тимур
Ахметов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар