Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шағын және орта бизнес – ел экономикасының өзегі - АРҚА АЖАРЫ

Шағын және орта бизнес – ел экономикасының өзегі

Кеше Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласында болып, өңірде кәсіпкерлікті дамытудың тиімді бағыттары мен түйткілді мәселелерін шешудің жолдарын қарастырған кеңейтілген кеңес өткізді. Кеңеске облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров, облыстық департаменттер, басқармалар мен ведомстволардың басшылары облыстық мәслихаттың депутаттары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері қатысты. 

Кеңесті бастамас бұрын Қазақстан Рес-публикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы алдымен Көкшетаудағы іргелі кәсіпорындардың бірінен саналатын сүт зауытында болып, жұмысымен танысты. 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Молоко Синегорья» сүт зауыты алдағы уақытта шетелге сүт өнімдерін экспорттауды жос-парлап отыр. Кәсіпорын басшысы Елена Михайлованың айтуына қарағанда, зауыт ультрапастерленген А3/Flex сүтін өндіру бойынша екі бірдей технологиялық желімен жабдықталған. Жақында зауытта тағы бір  жоғары температурада сүт өңдейтін желі іске қосылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта шведтердің әдісі бойынша қышқыл сүт өнімдерін,  гректердің әдісі бойынша «стефарт» йогуртын, финдердің әдісі бойынша жапсырма қағазын және көлемі 1-2 литрлік шиша шығаратын жаңа желілерді іске қосу жоспарланған.
– Кәсіпорынның қазіргі заманғы озық технологиялық әдісті қолдануы өндіріс көлемін едәуір арттырып, жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беруде. Өнім негізінен, Қазақстанның ішкі нарығына жөнелтілуде. Алдағы уақытта Ресей мен Түркімен елдеріне экспортқа шығару көзделіп отыр, – деді өндіріс орнының басшысы.
Осы күні өңірлік кәсіпкерлер палатасы-ның ғимаратында өңірде кәсіпкерлікті дамытудың тиімді бағыттары және түйткілді мәселелерін шешу жолдарын қарастырған кеңейтілген кеңес өткізді.
Кеңес отырысында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында түсініспеушіліктен туындайтын даулы және өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бағытында орын алып отырған түйткілді мәселелер жан-жақты талқыланды.
– Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Бизнестің  жол картасы – 2020» тәрізді мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды жобалар қолға алынған. Осының арқасында республикамызда кәсіпкерлік кең өріс алуда. Астаналық облыс Ақмола өңірінде де ірі кәсіпорындармен қатар, шағын және орта бизнес даму үстінде. Бүгінгі біздің басты міндетіміз кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында жиі кездесетін түсініспеушілік пен әкімшілік кедергілерді қолдан келгенше азайту болып табылады. Сондықтан, жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің пікірлерін білу біз үшін маңызды, – деді Тимур Құлыбаев өз сөзінде.
Сондай-ақ, кеңес барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Қазыбек Ескендіров жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен бірнеше кездесу өткізіп, шағын және орта бизнесті дамыту бағытында қолға алынған жұмыстар туралы айтып берді. Оның айтуы-
на қарағанда, облыс бойынша Индустрияландыру картасына 15 жоба енгізіліп отыр. Оның ішінде 10 жоба ауыл шаруашылығы саласында, яғни, сүт және ет өнімдерін өңдеу, күрке тауық өсіретін кешен және тауарлы-сүт фермасын салу, мал азығын өндіру бойынша енгізілген.
– 2015 жылдан бастап кәсіпкерлерге сервистік қызметті өңірлік палата көрсетуде. Былтырғы жылы 1677 кәсіпкерге 2500-ден астам сервистік қызмет көрсетілді. Оған қоса, «Бизнес-мектеп» жобасы бойынша 1000-нан астам адам арнайы курстан өтті. Осының арқасында 150 адам өз кәсібін ашып, 324 жоба жүзеге асырылды, – деді Қазыбек Ескендіров. Кеңес отырысы барысында бұдан басқа да субсидия алу, іскерлік топ өкілдерін қорғау және елдегі тексерулер мен қадағалау органдарының санын қысқарту тәрізді мәселелер де айтылып, ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан бақылауға алынатын болды.
– Кеңес отырысында қойылған барлық сауалдар осыған дейін талай рет айтылған және тиісті мемлекеттік құрылымдардың бақылауында тұр. Ел экономикасының дамуына шағын және орта бизнес субъектілерінің қосатын үлесі зор. Олардың арқасында көптеген әлеуметтік мәселелер оң шешімін табуда. Бүгінгі күні олардың құқы мен мүддесін ұлттық кәсіпкерлер палатасы сияқты институт қорғауда. Бұдан былай мемлекет пен бизнес бір-біріне түсіністікпен қарап, барлық мәселені келісе шешетін боламыз, – деді кеңесті қорытындылаған президиум төрағасы.

 

Аслан ОСПАНОВ

 Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар