Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Сталин туынан» «Арқа ажарына» дейін - АРҚА АЖАРЫ

«Сталин туынан» «Арқа ажарына» дейін

«Авторсыз газет – аққусыз көлмен тең» деген екен Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов ағамыз. Кез-келген басылымның негізгі тірегі оның оқырмандары екендігі белгілі. Яғни, газеттің таралуы да басылымның оқырман ойынан шыға білуіне тікелей байланысты. Ол үшін әрине, журналистер қауымының да шеберліктері жоғары, жарық көретін мақалалардың шынайылығы мен мазмұнының терең болуы шарт.

 

Сондай-ақ, мұндайда газетке мақалалар ұсынып, жергілікті жерлердегі жаңалықтарды жедел жазып тұратын штаттан тыс тілшілердің де алар орны ерекше екендігі ақиқат. «Арқа ажарының» осындай тұрақты авторларының бірі – Еркін Дәуешов ақсақал.
– Жас кезімде облыстық «Сталин туы» газетінің тұрақты оқырманы болдым, – дейді Еркін ақсақал бізбен әңгімесінде. – Сонан соң газеттің атауы «Тың өлкесі» болып өзгергенде де басылымнан қол үзген жоқпын. Ал, өткен ғасырдың 70-ші жылдардың аяғында сол кездегі Целиноград облысы Сілеті аудандық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімін басқарған кездерімде жалпы мерзімдік басылымдармен, оның ішінде Ақмола облыстық «Коммунизм нұры» (ол кездегі атауы солай болатын) газетімен байланысым нығая түсті. Сол кезде газеттің бас редакторы болған Октябрь Әлібековпен, Бәдуан Имашев, Жылқыбай Жағыпаров, Мағжан Садыханов, Аманкелді Жұмабеков сынды қарымды қаламгерлермен таныс болғанымды, сол азаматтардың қолдауымен түрлі тақырыптарда жазған мақалаларымның газет беттерінде әрдайым жарияланып тұрғандығын мақтан тұтамын.
Шынында да, Еркін Дәуешов ақсақалдың бір қасиеті, ол кісі «әйтеуір мақалам жарық көрсе болды» деген үстірт ойдан аулақ. Ерекеңнің редакцияға жолдаған  мақалалары негізінен өзінің түрлі мәселелерге деген көзқарасынан, ой-толғамынан туындаған дүниелер болып келеді. Еркін Дәуешовтың белгілі жазушы Жайық Бектұров, елімізге танымал тұлғалар – Жұмабек Тәшенов пен Сағадат Нұрмағамбетов жайлы жазған мақалалары автордың үнемі ізденіс үстінде болып, тарихи тақырыптарға да қалам тартатынын көрсетеді. Ал, Ақмола облысының Ақкөл аудандық оқу бөлімін басқарған жылдары Ерекең редакцияның штаттан тыс тілшісі болуымен қатар, газеттің таралуына да қолынан келгенше ықпал етуші еді. Зейнеткерлікке шыққан соң да еңбектен қол үзбеген Еркін Дәуешұлы он жылдан астам уақыт Астана қаласындағы Қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік мекемеде психолог болып қызмет атқарса, бүгінде осы мекемедегі мұражайға ие болып жүр.
– Мен газетке мақала жазғанда басылым бетінде фамилиямның шығып тұруын мақсат етпеймін, – дейді Ерекең одан әрі. – Елімізде, облысымызда болып жатқан өзгерістерге, жағымды жаңалықтарға өз үнімді қоссам, ой бөліссем деген ниет қой. Әсіресе, елімізге танымал, бірақ кей жағдайда ескерусіз қалып қоятын тұлғалар жайлы да пікір айтқым келеді. Сөз орайында айта кетейін, бұл тұрғыда жүзеге асырылған жайлар да бар. Мәселен, біраз мақала жариялап, тиісті орындармен хабарласып, халық арасында пікір тудырып дегендей, Ақкөл ауданы орталығында бір көшеге Жайық Бектұровтың атын беруге қол жеткіздік. Алдағы уақытта бір мектепке атын берсе де артық болмас еді-ау деген ой бар.
Міне, сонау 1961 жылы Қарағанды педагогикалық институтын бітіріп, ұзақ жылдар бойы ұстаз болып, білім беру саласында басшылық қызмет атқарған жұмысбастылығына қарамастан қаламын қолынан тастамай мерзімді баспасөз құралдарында көптеген мақалаларын жариялап жүрген, бүгінде де қолынан қаламын тастамаған Еркін Дәуешұлы ақсақал осындай азамат. Алда келе жатқан Баспасөз қызметкерлері күні мерекесіне орай, Еркін ақсақалды да төл мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз. Алдағы уақытта да Ерекеңнің қаламынан туған, көкейкесті мәселелерді қаужаған мақалалары «Арқа ажарында» жарық көре береді деп сенеміз.

 

Талғат ҚАСЕН

  Астана қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар