Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мерекесіне орай, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Қазіргі заман және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел басында пікір алысу болып өтті.
Ұлттық университеттің ректоры, академик Ерлан Сыдықовтың төрағалығымен өткізілген бұл шараға Қазақстан журналистикасының ардагерлері, баспасөз және телерадио салаларының қызметкерлері мен студент жастар қатысты. Пікір алысу барысында кез-келген баспасөз ең әуелі еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлік пен ынтымақты, ел тыныштығын сақтауға қызмет ету қажеттілігі атап көрсетілді.
Шара барысында еліміздің журналистика саласына еңбектері сіңіп келе жатқан бір топ қаламгерлер марапатталды. Солардың ішінде сенатор, белгілі публицист-жазушы, драматург Жабал Ерғалиев Лев
Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Күлтегін» медаліне ие болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.