Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баянғалиға – Манас елінің тағы бір медалі - АРҚА АЖАРЫ

Баянғалиға – Манас елінің тағы бір медалі

Жерлесіміз Баянғали Әлімжановтың «Манас» жырын жатқа айтатын манасшы ретінде бауырлас қырғыздардан алып жүрген сый-сыяпаты аз емес. Қырғызстанның А.Малдыбаев атындағы сыйлығының иегері, «Қырғызстан мәдениетінің мықты қызметкері», Манастың 1000 жылдығына арналған сайыстың жүлдегері болып жалғасатын сондай сый-сыяпаттың қатары биыл тағы толықты. Таяуда Қырғызстанның мәдениет және туризм министрлігі қазақтан шыққан жалғыз манасшы Баянғали Әлімжановты «Саяқбай манасшы» төсбелгісімен марапаттады.

 

Бұл медальды халықаралық Саяқбай Қаралаев қоры тағайындап, Манас жырын халыққа танытқан тұлғаларды жыл сайын марапаттап отырады. Бұл жолғы марапатқа ие болғандардың қатарында Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев, жазушы, драматург Бексұлтан Жакиев, Жоғорку Кенеш депутаты Садық Шер-Нияз сияқты елге белгілі тұлғалар бар. Міне, сондай қырғыз елінің атақты тұлғаларының қатарында жерлесіміз Баянғали да төсбелгіні
омырауына тақты.
Өткен ғасырдың ортасына дейін әлемдегі ең үлкен жыр грек ақыны Гомердің «Илиада» мен «Одиссеясы» болып танылып келген еді. Кейін кеңестік ғалымдар «Манас» жыры Гомер поэмасынан төрт еседен артық көлемді екендігін анықтады. Осылайша әлемдегі көлемі жағынан ең үлкен жырлар қатарына қосылған «Манас» жырын түгел жаттап алу үшін көп уақыт, қарым-қабілет керек болатыны кім-кімге де түсінікті. Манас жырын түгел айтып шығу үшін бірер сағат жеткіліксіз, оған бірнеше күндер қажет. Баянғали Әлімжанов міне, сондай алып жырды үтір-нүктесін қалдырмай түгел жаттаған, қырғызша айтқанда «шоң манасшы».
Өнерлі адамды қазақ «сегіз қырлы, бір сырлы» деп айтып жатады. Баянғали Әлімжановқа да өнер қонған. Айтыскер ақын, жазушы, драматург, публицист, киногер. Оған қоса, жыршылығы да бар. Міне, осындай өнердің сан түрін бойына сіңірген Баянғали бауырымыз қырғыздың Манас жырын таңды таңға ұластырып жырлайтын қазақтан шыққан жалғыз
манасшы.
«Әзірге түйенің өркешіне ғана көтеріп, төсбелгі ғана қадаған алып Манастың елінің нағыз берері әлі алда деп ойлаймын. Қайрат-қуатыңыз еселене берсін. Көкшетау сізбен мақтанады», –  деп жазыпты көкшелік ақын Құдайберлі Мырзабек өзінің фейсбуктегі парақшасында.
Иә, Баянғали Әлімжановтың өнер әлеміндегі алар биіктері әлі алда деп сенеміз.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар