Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ тілінде сөйлейтін шəкірттеріміз өсіп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ тілінде сөйлейтін шəкірттеріміз өсіп келеді

Ж ы р а л ы б ы Ж а м б ы л бабаның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген даналық сөзі бар.

Шыныменен, ел бірлігі болмаса, мемлекеттің да- муы жөнінде айтудың өзі қиын. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құтты мекенге тұрақтылықтың та- мырын жайғызған Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, көрегендік танытты.  Ассамблея – бірлік пен татулықтың тірегі. Ол талай ұлт пен ұлысты бір ортақ мүддеге жұмылдырып, айналасына мейірім мен достық шуағын таратар қасиетті ордаға айналды. Əрбір ұлттың тегіне, дініне қарамастан, барлық азаматтардың құқықтарының бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Осы бір тең құқылы конституциялық құрылымның өңірлік бір тармағының берекені молайтуда ықпалы мол. 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын елімізде мамыражай тірлік орнаса, ол Елбасымыздың сарабдал ішкі, сыртқы саясатының нəтижесінде іске асқанын айтқан дұрыс. Ассамблея институты əлемдегі ешбір елде жоқ құрылым. Бұл мақтануға тұрарлық дүние. 20 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл əлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін көрсетуде. Осылайша Елбасы ұстанған саясаттың өміршеңдігін дəлелдеді. Біздің облысымызда ассамблея жұмысы жақсы жолға қойылған. Этномəдени бірлестіктердің мүшелері қандай да болсын мерекелерден қалыс қалмай, түрлі мəдени жəне спорттық шараларды ұйымдастыруда белсенді. Мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі екенімді мақтан етемін. Сондай-ақ, татулығымыз бен бірлігімізді нығайта түсу жолында өз үлесімді қоссам деймін. Бүгінде Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінің директоры ретінде жас өрендердің болашағы мені қатты толғандырады. Əрбір баланың бойында отаншылдық сезімі қалыптасса деймін. Қазіргі күні білім ошағында 193 оқушы оқиды. Олардың қырық пайызға жуығы əртүрлі ұлт өкілдері болып табыла- ды. Əлбетте, еліміздің кемел келешегі мемлекеттік тілмен байланысты екенін ешкім жоққа шығармайды. Сол себепті, оқушыларға қазақ тілін меңгертуге баса көңіл бөлеміз. Айтар болсақ, аптаның алғашқы екі күнінде балалар күні бойы қазақша сөйлеуі тиіс. Ал, сəрсенбі, бейсенбі күндері орыс тілін, жұма, сенбі күндері ағылшын тілін үйренеді. Əсіресе, мектеп оқушылары Анастасия Хорунтия, Виктория Кравченко, Диана Ошанованың қазақ тілін меңгеру деңгейі жоғары екенін қуанышпен құптай айтуға болады. Бірі мектепішілік концерттерде жүргізуші болса, бірі қазақтың əндерін тамылжыта шырқап, көрерменнің құлақ құрышын қандырады. Жаңа оқу жы- лынан бастап «Қазақ халқының шешендік өнері» үйірмесі өз жұмысын бастамақ. Бұл үйірме шеңберінде сирек ұшырасатын дарындылықты шыңдауға бел буып отыр- мыз. Оқу орнында əрбір шара қайталанбастай форматта өтеді. Мəселен, жыл сайын Наурыз мерекесі ерекше тойланады. Өткен жылы оқушылардың бастамасы- мен əр сынып бір ауылдың атымен ата- лып, тағылымы мол театрландырылған көрініс қойды. Олар ұлттық тағамдардың түр-түрі самсап тұрған ақ дастархан жайып, қазақтың ұлттық киімдерін киді. Бүгінде жастарымыз біле бермейтін салт-дəстүрлер жетерлік. Сол себепті, биыл балалар қазақ халқының рухани өзегі салт-дəстүрлерді жаңғыртты. Ме- реке мəнділігімен шəкірттер жадында қалды. Осылайша біз оқушыларды мектеп қабырғасынан өзара тату болуға жəне толеранттылыққа тəрбиелеуге ұмтыламыз. Алдағы уақытта да аталмыш бағыттағы жұмыстарымызды одан əрі жалғастырып, оқушыларыма «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» екенін жеткізуге тырысып бағамын. Наталья ДЕМЕНТЬЕВА,

Көкшетау гуманитарлық- техникалық лицей-мектебінің директоры, Қазақстан халқы

Ақмола ассамблеясының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар