Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Достық əнін шырқаған - АРҚА АЖАРЫ

Достық əнін шырқаған

Халықтың ынтымағы мен ауызбірлігін сақтау мəселесі қашанда маңызды болып қала бермекші.

Бұған достық жəне жасампаздық мұратын насихаттап жүрген өнер ұжымдарының қосар үлестері мол. Солардың бірі – «Журавушка» халықтық фольклорлық ансамблі. Ұжым сексенінші жылдардың басын- да Людмила Петрухинаның бастамасы- мен құрылды. Əуелде орыс халық əндері үйірмесінің негізі қаланып, кейіннен клуб мүшелерінің ынтасымен шығармашылық ұжым өз жұмысын бастады. Ансамбль «Жу- равушка» деп аталды. Бұл олардың киелі сах- на төрінде алғаш орындаған əннің атауы еді. Журавушканың алғашқы жетекшісі, музыкант Владимир Казаков болды. Ол ансамбльдің аудан, облыс көлемінде таны- луы жолында көп еңбектенді. Оған қоса, А.Глушнева, А.Потлова, Л.Щербиненко, Г.Деобальд сынды ұжым мүшелерінің тынымсыз еңбегінің арқасында діттеген мақсатқа жету мүмкіндігі туды. Топ Олей- ник, Гончаров, Петрухиндер отбасылық ансамблімен толығып, тоқсаныншы жылдары ұжымда жиырмаға жуық адам өнер көрсетті. Олар славян халықтарының əндерін шырқап, өз ортасында біршама танымал болып қалды. 1989 жыл ансамбль үшін ең табысты кезең болды. Ұжымға халықтық атағы беріліп, «Журавушкасыз» бірде-бір мерекелік шара өтпеуге айналды. Тіпті, Астана қаласында əлденеше салтанатты шараға қатысып, репертуарындағы əндерін асқан шеберлікпен о р ы н д а д ы . Ə л бе т т е , ха л ы қ т ы қ д е ге н мəртебелі атаққа ие болу оңай емес. Ал, үш жыл сайын сол атаққа лайық екеніңді дəлелдеу тіпті қиын. Жыл санап ұжымның құрамы өзгергенімен, топ мүшелерінің əнге деген ықыласы сол қалпы. Ұжым əр уақыт ізденіс үстінде. Сəйкесінше, олардың өнерлеріне де көпшіліктің берер бағасы жақсы. – Ұжым мүшелерінің жас ерекшеліктері əр алуан. Оның ішінде, Ольга Зайцева, Светлана Губарева, Анна Рудий сынды та- лай жылдардан бері əн салып келе жатқан əншілерді атап өткім келеді. Ансамбльдің музыкалық жетекшісі Геннадий Поляков екеуіміз тыңдарманның жанын баурап алатын мазмұн, мағынасы мол əндерді таңдауға ұмтыламыз. Репертуарымызда қазақтың халық əндері де бар, − дейді халықтық ұжым жетекшісі Светлана Шарипова өз сөзінде. Ансамбльдің кəсіби шеберлігін о сы саланың майталман мамандары əлдеқашан- ақ мойындаған. Олар тек ауданда ғана емес, көптеген жерде танымал. Мемлекеттік мере- келермен бірге, олар Масленица, Рождество сынды дəстүрлі жəне діни мейрамдарды бірге атап өтеді. Өзге этномəдени бірлестіктермен де тығыз қарым-қатынаста. Сол себепті, еліміздегі ынтымақты сақтаудағы үлесі зор деп білеміз.

Ырысгүл КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ.

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар