БІРЛІК ТҮБІ − БЕРЕКЕ
Өңірлерде жүргізілетін барлық жұмыс халық бірлігін нығайтып, тұрақты дамуды қамтамасыз етуге арналған. Осының барлығы еліміздегі тұрақтылық пен татулықтан тамыр тартатыны сөзсіз. Ынтымақты одан əрі нығайту жолында жаңа келелі міндеттер қойылып, əр облыс бұл бағыттағы жұмысын бастап кетті. Біздің өңіріміз де ортақ істен қалыс қалмады. Ағымдағы жылы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы ел тəуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту жоспарын құрды. «Үлкен мемлекет – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы аясын- да өңірлік ассамблея Ақмола облысы əкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесе əр түрлі форматтағы жүзден астам шара ұйымдастырды. С о н ы ң і ш і н д е , Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың өмір жолы туралы «Мемле- кет негізін қалаушы: жасампаздықтың 25 жылы» жылжымалы көрмесі, «Мəңгілік ел» идеясы жөніндегі дөңгелек үстел, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Ұлт жоспары – арманға бастайтын жол» атты Жол- дауын насихаттауға бағытталған кездесулер, қоғамдық келісім кеңесінің отырыстары ең ауқымды шаралар қатарында. Сонымен бірге, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциялары да жиі ұйымдастырылып тұрады. Айтар болсақ, «Қайырымдылық керуені» республикалық акция шеңберінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықованың бастамасымен аукциондар өткізілді. Қоғамда қайырымдылық пен риясыз көмек жасауға, науқас балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетуге бағытталған бұл шараға шағын жəне орта кəсіпкерліктің, кəсіпорындардың өкілдері қатысты. Мұнда өнерпаз дарынды ба- лалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-əдістемелік орталығы мен «Əулет» мек- тептен тыс жұмыс орталығы оқушыларының қолөнер бұйымдары сатылымға түсті. Нəтижесінде 3 миллион теңгеден астам қаржы жиналды. Сатудан түскен қаржы медико- əлеуметтік мекемелердің тəрбиеленушілерін емдеуге жұмсалды. Этномəдени бірлестіктер де қайырымдылық жасауда белсенділік танытуда. Соның жарқын мысалы «Видергебурт» облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі қиын жағдайға тап болған азаматтарға жəрдемдесу үшін бірқатар əлеуметтік жобаларды жүзеге асы- рады. Одан қалды, «Бари» армян этномəдени орталығының төрағасы Норик Магломян он бір жыл қатарынан «Ани» мейрамхана- сында облыс орталығындағы əлеуметтік- медициналық мекемелердің 100-ден астам тəрбиеленушілеріне мерекелік бағдарлама ұйымдастырып келеді. Ал, ақмолалық жастардың республика көлемінде өткізілетін спорттық жарыстарға жəне интеллектуалды сайыстарға баруға мүмкіндік жасап отырған «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алек- сандр Артеменконың жомарттығын ерек- ше атап өтуге болады. Оның қаржылық көмегінің арқасында облыс орталығындағы №14 орта мектептің оқушысы Виктория Гру- дина Байқоныр қаласында өткен халықаралық физика- астрономиялық олимпиадаға қатысып, екінші орынды иеленді. Сөйтіп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуға грант ұтып алды. Өскелең ұрпақ өкілдерімен жүргізілетін жұмысқа да біз көп көңіл бөлеміз. Мəселен, «Қазақ тілі жəне мəдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықовтың бастамасымен өткізілетін «Алтын сақа» турнирі жасөспірімдер арасында танымал болып келеді. Осы өңірде тұратын этностардың тілін үйрететін «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің де шəкірттер білімдерін жетілдіріп, олардың бойында сол ұлттардың салт-дəстүрлеріне деген қызығушылықты арттырудағы орны ерекше. Облыстық ассамблеяның жастар қанаты еңбек ұжымдарына барып, этносаралық татулық мəселелерін насихаттап, оқушылардың фестивалі «Менің Отаным – Қазақстан» байқауын өткізіп тұрады. Абай Мырзахме- тов атындағы Көкшетау университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс орталығындағы өзге жоғары оқу орындарының тарих кафедралары этномəдени бірлестіктердің төрағаларымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Сол əріптестік аясында семинарлар мен дөңгелек үстелдер жиі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тəуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында межелеген міндеттерді орындау жұмысы қолға алынды. Бүгінгі таңда этномəдени бірлестіктің алға қойған мақсаттары мен татулықты сақтау бағытында атқарып келе жатқан жұмыстары аз емес. Олар өз ұлтының дəстүрін елімізде тұрып жатқан өзге этностарға таныту арқылы бірлігімізді паш етуді азаматтық парызы са- найды. Марал ЖАҚЫПОВА, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.