Осы бір өзекті мəселе аудан əкімі Мəлғаждар Тəткеев қатысқан кезекті аудан активінде кеңінен талқыланды. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану жөнінде өткізілген отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағадат Əшебеков ашып, жүргізіп отырды.
Ол өз сөзінде ауданда осы бағытта атқарылып жатқан істердің маңызды тұстарына тоқталды. Қолданыстағы Жер туралы ескі заңның тетіктері мен нормалары қоғам арасында тиісті деңгейде талқыланып, саралануы кемшін. Сондықтан, жұртшылықтың алаңдап, ой-пікірлерін білдірулері орынды деуге болады. 2015 жылдың қараша айын- да Президент «Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы Заңға қол қойды. Сондай-ақ, Елбасы Жер кодексінің кейбір ережелеріне, атап айтқанда ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру құқығын иелену тұрғысында мораторий енгізу туралы Жарлыққа да қол қойды. Осы Жарлық бо- йынша Үкіметке жер реформасы жөніндегі комиссияны құру тапсырылды. Осы мəселелер барысында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, қоғамдық кеңестер туындаған мəселелердің шешімін табуға жұмылдыруы тиіс. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, депут атт ар, ғылым жəне шығармашылық саласының өкілдері, ұ л т т ы қ к ə с і п ке р л е р п а л ат а с ы н ы ң мүшелері енді. Ақмола облысы əкімдігінің қолдауы бойынша республикалық комиссияның құрамына Аршалы ауданындағы «Ижевск» өндірістік кооперативінің бас директо- ры Ибрагим Жанғоразов, Целиноград ауданындағы «Родина» Агрофирмасы» серіктестігінің бас директоры Иван Сау- эр, Зеренді ауданына қарасты «Қараөзек Агрофирмасы» серіктестігінің директоры, облыстық мəслихаттың депутаты Нар- тай Ысқақов кірді. Активте көтерілген басты мəселе жайында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Нұртазин хабарлама жасады. Оның ай- туынша, өңірдегі ауыл шаруашылығы жерлерінің үлесі 593 417,0 гектарды құрайды. Бұл аудандағы жалпы жер көлемінің 75,2 пайызы. Жер ресурста- рын 2014 жылға дейін тиімді пайдалану мақсатында Целиноград ауданында ауыл шаруашылығы жерлеріне əдістемелік инвентаризация жұмыстары жүргізілді. Соның нəтижесінде аудан бойынша пай- даланылмай жатқан 54342 гектар жер анықталды. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-94 баптарына сəйкес, жекеменшік иелерінен бұл алқаптар жерді пайдалануға бақылау жасайтын мемлекеттік органның талап-арызы бойынша сот тəртібімен қайтарып алынуда. Осыған қарамастан ауданның жергілікті атқарушы орган- дары мен сот инстанцияларына оннан астам талап-арыздар түскен. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында облыстық жерді пайдалану жəне қорғауды бақылау басқармасына 36 субъект бойынша (жалпы аумағы 25899 гектар, оның ішінде егістік алқап – 3705 гектар, жайылым жер – 20956, 1 гектар) материалдар жіберілді. Жер иеленуші тарапынан келісім- шарт ережелерінің сəйкес келмеуіне б а й л а н ы с т ы , ж а л ғ а а л у ш ы л а р м е н арадағы келісім-шартты бұзу бойынша ұсыныстар жіберуде едəуір проблема- лар туындап отыр. Мəселен, бірқатар ұсыныстар мұрағаттық мəліметтерде көрсетілген заңды иеленуші тұлғаның мекен-жайының анықталмауына бай- ланысты кейін қайтарылуда. Бүгінгі таңда аудандық жер қатынастары бөлімі уақытша жер иелену құқығындағы жер телімдерінің жалға алу келісім-шарттарын бұзу бойынша жұмыс атқаруда. Қазір 2012 жылы жүргізілген инвентаризацияға орай мемлекет меншігіне жалпы көлемі 20216,3 гектар болатын 33 жер учаскесі қайтарылды. – Биыл 251 мың 206 гектар алқапқа күзгі дақылдар сіңірілді. Оның 232 мың 398 гек- тары дəнді дақылдар, 3162 гектары жүгері, 11813 гектары біржылдық, 2979 гектары көпжылдық шөп алқабына бөлінген. Өткен жылы бөлінген субсидия мөлшері егіншілік бойынша 607 миллион 058 мың 481 теңгені, мал шаруашылығы бойын- ша 851 мың 528 теңгені құрады. Соңғы жылдары кейбір шаруа қожалықтарын есепке алмағанда, ауыл шаруашылығы құрылымдарының барлығы өз алқаптарын химиялық жолмен өңдеу ісін қолға алған. Дегенмен, 50 пайыздық суб- сидияны қолданғанмен минера лды тыңайтқыштарды пайдалану үрдісі əлі де жақсартуды талап етеді,–дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Теміржан Болсамбеков. Ауданда жыл сайын тек қана 5-6 шаруашылық мине- ралды тыңайтқыштармен тыңғылықты жұмыс істейді. Бірақ, мұның өзі тек 2012- 2013 жылдан бастап қолданылып келеді. Осы орайда, «Родина» Агрофирмасы» серіктестігінің бас директоры Иван Сауэр өз пікірін ортаға салды. – Дəлелсіз, бос сөз болмас үшін комис- сия мүшелерінің барлығына Жер кодексін мұқият оқып шығуды ұсындым. Бүгінгі күні біз жай сөзден нақты іс-қимылдарға көшуіміз қажет. Республикалық комиссия мүшелерінің күш салуының нəтижесінде кодекстегі «Отандық тауар өндірушілерге жер берілмейді» деген тəрізді баптарды сызып тастадық. Сондай-ақ, жерді пайда- лану жөніндегі бұрынғы келісім-шартты ұзартудың тəсілдері нақтыланды. Бұл кодексте шикі, əлі піспеген, соңына дейін ретке келтірілмеген заңның ақтаңдақтары көп екендігін аңғардық. Сондықтан, жер инспекторларының дəрежесін нақты айқындайтын кез келген сияқты. Тиісті заң болмайынша біздің ортақ əрекетімізден оң нəтиже шығуы екіталай. Инспектордың і ш к і і с т е р б а с қ а рм а с ы н д а ғ ы жол — патрульдік қызметінің өкілі сияқты заңды статусы болуы тиіс,– деді ол. Сондай- ақ, Иван Сауэр астаналық ауданның тұрғындарына қатысты өзекті мəселелерді атап өтті. Мысалы, қазір карьерлер, жайылымдық жəне шабындық жерлер мəселесі ауыл тұрғындарының бас ау- руына айналып отыр. Əр карьер иесінің лауазымы мен құдіреті ешкімді нысан ішіне енгізбейді. Осы орайда, «Жекеменшік қосалқы шаруашылық туралы» Заңды қайта қараудың қажеттілігі туындап отыр. Барлық кикілжіңді тұстарды құжаттарға анық əрі түсінікті етіп жазу керек. Сонда кəдеге аспай жатқан жерлерді мемлекеттік қорға қайтару барысында еш қиындық туындамайды. Қазір тұрмыстық қалдықтарды төгетін орындардың жағдайы сын көтермейді. Бұл орындар қалаға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына про- блема тудырып отыр. Осыған байланыс- ты Иван Сауэр жер мəселесін шешуді алдымен күл-қоқыс алаңынан бастауды ұсынды. Қоғамдық кеңестің қарауына түскен нормативтік-құқықтық актінің жобасы бойынша аудандық экономика жəне қаржы бөлімінің бастығы Əлмира Ыбыраева хабарлама жасады. Жиында облыстық жерді пайдалануға бақылау жасау басқармасының атына да сын-ескертпелер айтылды. Сондықтан, қыркүйек айында бұл мəселе қайта қаралатын болады. Аудандық қоғамдық кеңес кейбір басшылардың бұл көкейкесті мəселеге жан-жақты даярлықпен келулерін талап етті. Мəжілісті қорытындылаған аудан əкімі Мəлғаждар Тəткеев жиналғандардың на- зарын жайылымдық жер жөнінде туындап отырған мəселеге аударып, қазір кейбір жерлер мақсатты түрде пайдаланылмай отырғандығын атап өтті.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.