Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ынтымақ-бірлікпен – жаңа белестерге - АРҚА АЖАРЫ

Ынтымақ-бірлікпен – жаңа белестерге

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясында Елбасы, Ассамблея төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген міндеттерді жүзеге асырудағы облыста атқарылып жатқан міндеттерді талқылаған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ХIX сессиясы болып өтті. Сессияны облыс әкімі, Ақмола ассамблеясының төрағасы Сергей Кулагин ашып, сөз сөйледі.

Одан әрі Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова жүргізіп отырған сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдар мен өңірдегі этномәдени бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шарада мемлекеттік Әнұран орындалған соң, облыстық поляктар бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий облыстық ассамблея төрағасының орынбасары болып сайланды. Одан әрі жиналғандар белгілі бір себептермен мүшеліктен шығып қалғандардың орнына ұсынылған жаңа кандидатуралар- ды бір ауыздан мақұлдады. Сессия барысында сөз алған облыс әкімі облыстық ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстарына жан-жақты тоқталды. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан халықаралық қауымдастықтың белді мүшесі болды. Осы ретте, еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы мұның жарқын үлгісі екені анық. Үстіміздегі жылы Ұлт Көшбасшысы «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессия- сында қабылдаған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жалпыұлттық құндылықтарды әспеттейді. Бұл құжат мемлекеттік этносаясаттың дамуына ықпал етпек. Өз кезегінде этносаралық бірлікті сақтауда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының да үлесі зор. Облыстағы барлық этномәдени бірлестіктер қазақстандық біртұтастылықты нығайтуға бағытталған шараларға белсене қатысады. Әсіресе, жастарды патриоттылыққа тәрбиелеу мәселесіне баса көңіл бөлінген. Сол себепті, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында өскелең ұрпақ отансүйгіштілігімен та- нылатынына сенімдімін. Бүгінгі күні өңірімізде екі жүзден астам қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Өкінішке орай, олардың құрылғанынан бастап белгілі бір мәселені шешудегі ұсыныстары келіп түспеген. Аудан және қала әкімдері кеңестерді өз бақылауына алып, тыңғылықты жұмыс істеуге шақырамын. Жыл санап облысымызда қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырылуда. Тек жарты жылдықта ғана 200 миллион теңге жинауға мүмкіндік туғызған үш жүзден астам қайырымдылық шарасы өткізілген. Мәселен, «Алиби-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жақсы аудандық орталық аурухананы қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықтаса, Целиноград ауданының кәсіпкерлері селолық округтердің учаскелік инспек- торларына үш автокөлік сатып алды. Бұл әлеуметтік жауапкершіліктің бірлі-жарым мысалы ғана. Ендеше, алдағы уақытта қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын ширату, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, жас ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, медиация институттарын дамыту және «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін халық арасында насихаттау жұмысын жүргізуді тапсырамын, – дей келе аймақ басшысы сессия барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, ұйымдастырылатын шаралар легінің жоспарын құруды тапсырды. Бұдан кейін Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінің директоры Наталья Дементьева сөз алып, үштілділік ел дамуының алғышарты екенін тілге тиек етті. Бұл стратегиялық ерекше құбылысты халық арасында насихаттап, заман талабына сай үш тілді жетік меңгерген жастардың қатары көбеюіне үлес қосу қажет екені де баса айтылды. Сөз соңында шешен мәселені түбегейлі шешу үшін еліміздің жоғары оқу орындарында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мамандарды қайта дайындықтан өткізу керек деген ұсынысын алға тартты. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының облыстық филиалының директоры Еркін Исімбаев өңіріміздегі ересек адамдардың білім алуы жөнінде әңгіме қозғады. Оның сөзіне жүгінсек, 2013 жылы бұл мақсатта арнайы орталық ашылып, қазіргі күні жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Аталмыш орталықта ересек адамдардың білім алуына толық жағдай жаса- лыпты. Бүгінгі күні орталыққа келішулердің талабы ескеріліп, аптасына екі рет дәрістер өткізіледі. Осылайша ілкімді жобаның жүзеге асуы өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға септесуде. Ал, Есіл ауданы Заречный селолық округінің әкімі Наталья Милюк өзі төрайымдылық ететін ауылдағы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын баяндады. Өңірдің тұрақты дамуы жолында ауыл тұрғындарын қоғамдық жұмыстарға тарту мақсатын көздейтін кеңес үш жыл бұрын құрылған. Заречный селолық округінде 12 эт- нос өкілінен тұратын 1135 адам тату-тәтті өмір сүреді. Тұрғындар үшін барлық әлеуметтік инфрақұрылымдар қарастырылған. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әлеуметтік нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі заманғы құрылғылар орнатылыпты. Осы бағыттағы жұмыстарда қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері белсенділік танытып, аймақтың көркеюіне өз үлестерін қосып келе жатқанын екпін түсіре айтып өткен абзал. Көкшетау қалалық емханасының терапевті, «Бари» армян этномәдени орталығының мүшесі Арминэ Тороян болса, өз баяндамасына армян және қазақ халқы арасындағы достықты арқау етті. Көкшетау қаласы Жоғары колледжінің түлегі Геннадий Вездецкийдің сөзі жиналғандарды бейжай қалдырмады. Қазақшаға судай жігіт бірден 35 баланы қамқорлығына алған ата-анасы Серік және Жаңылған Әкімбаевтарға адамгершіліктері үшін шынайы алғысын білдірді. Осы тұста облыс орталығындағы №14 орта мектептің түлегі Виктория Грудина еліміздегі инновациялық технологиялардың даму қарқынын жоғары бағалап, болашақта стандарт- тау және сертификациялау саласының білікті маманы болатынына сендірді. Шара соңында ассамблеяның үндеуі қабылданып, облыс әкімі Сергей Кулагин Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелерін марапаттады. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Сағадат Аққожинаға табыс етілсе, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен облыстық «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінің бас редак- торлары Қайырбай Төреғожа мен Валентина Косянюк марапатталды. Сонымен бірге, бірқатар азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының атынан Алғыс хаттар тапсы- рылды. Се ссия жұмысы жиналғандардың облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі «Бір шаңырақ астында» Қазақстанның полиэтностық тарихы залына экскурсия жасауымен тәмамдалды.

Ыпысгүл Ашуова.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар