Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдың ахуалымен танысты - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдың ахуалымен танысты

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев облысымыздың Бұланды ауданында болып, бірқатар елді мекендерді аралады, жұртшылықпен жүздесіп, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді.

Кездесу барысында ауыл-селолардың ахуалы айтылып, кейбір түйткілді мәселелер көтерілді. К а п и т о н о в к а с е л о с ы н ы ң тұрғындарымен кездесу кезінде Мәжіліс депутаты шалғайдағы елді мекендердің әлеуетін арттыру үшін Үкімет тарапынан қандай бағдарламалардың қолға алынып жатқандығын жіктеп, қолмен ұстатқандай етіп айтып берді. Бұл бағдарламалардың ауыл тұрғындарына, елді мекендердің еңсе сін көтеруге септігі өте зор. Бағдарламалар бойын- ша қаржыны қалай алып, қалай жұмыс істеуге болатындығын, оның болжамды пайдасы мен қайтарымы төңірегінде де ой толғанды. А у ы л т ұ р ғ ы н д а р ы б о л с а , ө з мәселелерін көтерді. Айталық, елді ме- кен тұрғындарының қолдарындағы төрт түлікті жаз бойы жаятын жайылымдық жер жыл өткен сайын тарылып келеді. Ауыл іргесіндегі кейбір құнарлы алқаптар жыртылып тасталуда. Ондағы малға жұғымды табиғи шөптердің тұқымы тұздай құруда. Ел малдың сүмесімен күн көріп отырғандығы белгілі. Ауылдың іргесіне дейін тақап жыртып, егін егу мал басын көбейтуге бөгесін. Бір жыртылып тасталған соң ол жерде енді қайтып табиғи шөптердің бастапқы қалпына келуі де ұзақ жылдарды қажет ететіні аян. Екпе шөп онсыз да егілмейді. Кейбір шаруа қожалықтарының бас- шылары жергілікті жұрттың жайын ойлай бермейді. Былтыр о сындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің д и қ а н д а р ы а л қ а п т а р ы н ұ ш а қ п е н әуеден химиялық дәрі шашу арқылы өңдеген. Желмен ұшқан химиялық дәрі елді мекенді де шарпып өтсе керек. Нәтижесінде ауыл картопсыз, көкөніссіз қалды. Биылғы жай қалай болар екен деп көкөніс еккен қауым сары уайымға салынып отыр. Ауыл тұрғындарының ендігі бір көтерген мәселесі сататын малдарын және мал өнімдерін делдалсыз өткізу. Сонда ғана маңдай термен өсірген төрт түліктен табатын табыс толымды болмақшы. Аудан орталығындағы жүздесуде денсаулық сақтау саласының мәселелері, жеңілдетілген бағамен бөлінетін дәрі- дәрмек жайы да әңгіме арқауына ай налды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты. Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар